Әлия Назарбаева, Ақан Сатаев: Елбасы кімдерге мемлекеттік сыйлық берді? — новости Казахстана

0

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын табыстау бойынша Комиссия ұсынған кандидаттар тізімін бекітті деп хабарлайды NUR.KZ президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлия Назарбаева, Ақан Сатаев: Елбасы кімдерге мемлекеттік сыйлық берді?

Әлия Назарбаева, Ақан Сатаев, Әділ Ахметов. Фото: e-wiki.org, qazradio.fm, www.azattyq.org

2018 жылғы Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығы ақындарға, әртістер мен сценаристерге берілді.

Елбасы Жарлығы бойынша:

1) Ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке – «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар  жинағы үшін;

2) Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға – «Абай» операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін;

3) Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке – «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін;

4) Ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға – «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;

5) Ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа – «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін марапат берілді.