Әлемнің тағы бір мемлекеті жайдан жай халқына ақша таратпақ – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Сингапул мемлекеті халыққа коронавирус пандемиясына байланысты ақша табыстау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сингапур

Бұл туралы Сингапурдың қаржы министрі Хэн Сви Кит мәлім етті. Қазіргі күні осы орайда бюджеттен 2,5 миллиард доллар бөлініпті. 

Мемлекет сәуір айында сингапурлықтарға ақша үлестіріп берген көрінеді. Халықты қолдауға бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі 18 маусымнан басталмақ. Жәрдемақы көлемі 300-600 сингапур долларын  (шамамен 85 -160 мың теңге) құрайды. Бұған қоса 20 жастан кіші баласы бар отбасыларға қосымша 300 сингапур доллары (85 мың теңге) төленсе, 50 жастан асқандарға тағы 100 сингапур доллары (шамамен 28 мың теңге) беріледі екен. 

Сингапур үкіметі бұл қаражат жалпы ішкі өнімнің 20%-ын (70,3 миллиард доллар) құрайтынын атап өткен.  

Еске салайық, Сингапур халқына материалдық көмек көрсетіп жатқан алғашқы мемлекет емес. Бұған дейін мұндай бастама Жапония мен Гонконгта қолға алынған. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз