Әлемдегі ең ірі биткоин иелерінің бірі жұмбақ жағдайда қайтыс болды
Market Watch порталының хабарлауынша, оқиға 23 маусымда таңертең Пунтаренас провинциясындағы Плайа Эрмоза жағажайында болған. Бірақ Мирча Попеску екені тек бірнеше күннен кейін анықталды. Коста-Риканың тергеу агенттігі (OIJ) Попеску тыйым салынған жерде жүзген деп отыр.
Mircea Popescu- probably had most #Bitcoin, a #Bitcoin millionaire.
It's been almost 5 years and still I never heard that name before. I only know of Satoshi with that many Bitcoin..#Bitcoin world is strange. pic.twitter.com/7bs6dLt2pQ
— Vivek⚡ (@Vivek4real_) June 27, 2021
Попеску мен оның мұрагерлеріне тиесілі биткоиндардың нақты саны туралы әзірге мәлімет жоқ. Тек 41 жастағы крипто-инвестор 1 миллион биткоинның иесі болуы мүмкін деген болжам бар. Кейбіреулер 300 000 биткоины болған деп те айтады. Қалай десек те, ол жинақтаған сандық активтер мүлдем жоқ болып кетуі мүмкін. Өйткені отбасының оған қол жеткізетін мүмкіндігі қарастырылмаған.
Попескудың өлімін Adamant Capital крипто-қорының серіктесі Tur Demeester және веб-әзірлеуші Диана Коман растады.
Румыния азаматы Мирча Попеску АҚШ, Мексика, Коста-Рика және Мысырда өмір сүрген. Ол 2012 жылы биткоинге қызығушылық танытып, өзінің тіркелуі 30 BTC тұратын MPEx биржасын іске қосты.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Оңтүстік Африкада Африкрипт криптовалюта инвестициялық платформасын құрған ағайынды Амир және Раис Каджилер жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен еді. Олармен бірге платформа клиенттерінің шоттарынан құны 3,6 миллиард долларды құрайтын 69 мың биткоин жоқ болды. Бұлар әлі табылмаған.