Әлемдегі ең бай 5 мемлекет
Қазір жер шарында 247 мемлекет бар. Әр бір мемлекет өз даму деңгейімен және кірістерімен, географиялық жағдайдағы артықшылығы және табиғи ресурстардың қол жетімділігімен ерекшеленеді.
Экономикалық, сауатты көзқараспен шөлейт жерді тропикалық жұмаққа айналдыруға болады. Құмның астында мұнай бар болса. Бірақ құнды ресурстар әрдайым табысты экономикалық өсудің қозғалтқышы бола бермейді.
Катар
Елде 2,2 миллион адам тұрады. Мемлекет — мұнайлы елдердің бірі. Елдің әрбір азаматы үшін шамамен елдің ЖІӨ-нің 145 мың долларға ие. Катар мұнай қоры бойынша әлемде тоғызыншы орында тұр.
Сингапур
Оның шамамен 5,5 миллион тұрғыны бар. Бұл мемлекеттің өзіндік табиғи ресурстары жоқ. Бірақ бұл экономикалық дамуға және әл-ауқаттың өсуіне кедергі болмады. Сингапур сауда-қаржы қызметін сәтті жүргізеді. Бұл мегаполисте миллиондаған табысы бар адамдар көп тұрады. Мемлекеттің сауда порты жүк айналымы жөнінен әлемде екінші орында.
Гонконг
ҚХР-ның әкімшілік ауданы. Әлемдегі жетекші қаржы орталығы. Халқы үлкен ел, бір шаршы метрдің тығыздығы — 6200 адамды құрайды. Туу коэффициенті — 1,12 бірлік. Бұл көрсеткіш, әлемдегі ең төменгі, қажетті — 2,2 бірлік.
АҚШ
Ыңғайлы өмір сүру жағдайлары бар елдердің бірі. Ол өзінің экономикалық саясатын қаржы секторының есебінен жүргізеді. Техникалық инновациялар саласындағы көшбасшы. Түрлі табиғи ресурстарға ие. Соған қарамастан, Қытай соңғы жылдары онымен бәсекелесе бастады. Америка Құрама Штаттары Ресей сияқты ірі ядролық держава. Америка дамыған ғылымымен, өндірісімен және медицинасымен ерекшеленеді. АҚШ-да банктік, әскери өндіріс және басқа салалар ең жоғары деңгейде дамыған. Осыған байланысты ол әлемдік гегемон, супердержава рөліне ие болды.
БАӘ
Мұнайдың үлкен қоры бар ең бай ел. Бұрын қайыршы ел болған. Шығысты Батыспен байланыстыратын қолайлы жер елге көмектесті. Әмірліктердің әуе және теңіз порттары арқылы жүк пен жолаушылар тасымалы үлкен көлемде өтеді. Бүгінгі таңда Эмираттарда жұмыс күшінің 75 пайызы шетелден келген азаматтарға тиесілі.
Керімсал Жұбатқанов