Әлемде алғаш рет дене қызуын өлшеуге болатын смартфон шығарылды
Инфрақызыл қозғалтқышы бар құрал Угандада жасалды.
Компанияның атқарушы директоры құрылғыны ойлап табуға 4 ай уақыты кеткен. Температураны анықтау қызметін COVID-19-бен күресте медицина мамандарына көмектесу үшін арнайы қосқан.
Коронавирус жұқтырған адамның ең алдымен ыстығы көтеріліп, тынысы тарылады және құрғақ жөтел қысады. «Сондықтан дене қызуын жиі тексеру ауруды асқындырмай анықтауға мүмкіндік береді», — дейді сарапшылар.
Телефонның бағасы 100 доллар, Угандада халықтың көпшілігінде мұндай қаражат жоқтың қасы. Ал электрондық термометрлердің құны одан да қымбат, эпидемия өршіп тұрғанда 400 доллардан сатылған. Бичем Окваре, компанияның атқарушы директоры: — Мұнда термометр телефонға орнатылған.
Бұл жерде ең бастысы, кез келген адам өзінің дене қызуын қалаған уақытта өлшей алады. Егер интернет қосылған болса, теңшеу жасау қиын емес. Угандалықтардың көпшілігі 100 долларға телефон сатып ала аламайды, жағдайлары жоқ. Сондықтан біз Үкімет Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ақылдасып, телефон құнын төмендетуге биліктің көмегін сұрап көрмекпіз.
24.kz