Әлем чемпионы қалыңдығы жезөкше болғанын той үстінде біліп, оны қуып жіберді

0

Еркін күрестен әлем чемпионы Зауырбек Сидаков үйлену тойында қалыңдығын тойдан қуып жіберді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Московский комсомолец» басылымына сілтеме жасап.

Спортшы бұрын қалыңдығының жөзекше болғанын тойда ғана білген.

Үйлену тойы апта бұрын Владикавказда болған. Барлығы басында жақсы болыпты. Алайда кейін бірнеше қонақтың ұялы телефонына интим сипатындағы бірнеше видеоролик келген. Онда Зауырбек Сидаковтың қалыңдығы бейнеленген. Осылайша, спортшының бұрынғы сүйіктісі одан кегін алыпты.

Видеороликті жіберген автордың айтуынша, спортшының қызы бұрын жезөкше болып жұмыс істеген. Видеоның кадрлары желіге тарап кеткен.

Той бірден тоқтатылған. Туыстары спортшы ақымақтық жасамауы үшін оны қаланың шетіне жіберген. Ал қалыңдықты тойдан қуып жіберіпті.

Айта кетейік, Зауырбек Сидаков 24 жаста. Ол еркін күрестен 2 дүркін әлем чемпионы, Еуропа ойындарының жеңімпазы (2019 жыл).

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз