«Әлем аруы-2018» байқауының қатысушысы Қазақстанды таныстырды — Видео — Мәнер
Қазақстан атынан «Әлем аруы-2018» байқауына қатысатын Екатерина Дворецкая YouTube хостингіндегі Miss World арнасында отаны жайлы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Жасым 20-да, Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінде (Абылай хан атындағы) оқимын. Қазақстан атынан «Әлем аруы-2018″ байқауына қатысамын. Қазақстан аумағы бойынша әлемде 9-орында, Еуропа мен Азияда орналасқан және Қазақстанның табиғаты таңғажайып сұлу», — дейді Екатерина Дворецкая видеода.
Сондай-ақ, сұлулық байқауының қатысушысы өзі жайлы біраз айтып өтті.
«Қазір халықаралық қатынастар факультетінде оқып жатырмын. Болашақ мамандығым тілмен байланысты. Қазіргі уақытта қазақ, ағылшын және испан тілдерін оқып жатырмын», — дейді Дворецкая.
Екатеринаның айтуынша, бұдан бөлек ол теннис, атлетика және йогамен айналысады. Болашақта дипломат болып, қайырымдылық жасаумен айналысқысы келеді екен.
Екатерина Дворецкая 1998 жылы 4 қазанда Қарағандыда дүниеге келген. 2017 жылы Қазақстанның бірінші вице-аруы атағын жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, «Әлем аруы-2018» байқауы 8 желтоқсанда Қытайда Хайнань аралында өтеді.
«Әлем аруы» байқауы үміткерінің ұлттық костюмі жанкүйерлерін тәнті етті