«Алдымызға министр шықсын!» Көп балалы әйелдер жәрдемақы төлеудің жаңа әдісіне наразы

Билік “жәрдемақы төлеу тәртібін жетілдірдік” десе де Қазақстанда үкіметтен әлеуметтік көмек талап етіп жүрген көп балалы әйелдер наразылығы тағы жалғасты. 6 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласындағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне келгендер “жаңа тәртіптің кемшілігі көп” десті. Ал билік өкілі “әйелдердің айқайы” ештеңені өзгертпейтінін айтады.