Алдағы сайлауда 3,2 мыңнан астам адам сайлау учаскелерінде бақылаушы болады
Елімізде 2022 жылдың 20 қарашасы күні өтетін кезектен тыс президенттік сайлауында елішілк тұрақтылық пен сайлау процедураларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында еліміздің барлық аумағын қамтитын өңірлік штабтары бар тәуелсіз бақылаушылардың «BAQYLA» Қоғамдық қозғалысы құрылды.
Қозғалыстың бақылаушылары еліміздің 26 ірі қаласында барлығы 3,2 мыңнан астам сайлау учаскелерінде бақылаушылық жасайды.
ДОС КӨШІМ:
Сайлау процесіне белсенді қатысатын топтың бірі – бақылаушылар. Олардың сауатты жұмыс істеуі, бақылаудың барлық тәсілдерін терең меңгере білуі – Қазақ еліндегі Сайлау жүйесінің жақсаруының бір кепілі. Менің міндетім – әрбір облыс. қалалардағы бақылаушыларды дайындайтын тренерлерді дайындауға арналған арнайы офлайн, мүмкіндік болса, он лайн семинар-тренингтер жүргізу, сайлауды бақылау барысында туындаған сұрақтарға жауап беру болып табылады.
БАҚЫТЖАН БҰҚАРБАЙ:
2019 жылы бақылаушылар институты елде жаңа қарқын алып, билік санасатын қоғамдық күшке айналғаны белгілі. Біз азаматтық қоғамды күшейтуіміз керек, ал бақылаушылар болса сол қоғамның мызғымас ойыншыларының бірі.
Түрлі себептерге байланысты қазір елдегі азаматтық қоғамның күйін көңіл көншітетіндей деп айтуға келмейді. Сол үшін біздің ұран «Күн сайын азамат бол!» болуы керек. Мен үш жыл бұрын белсенді бақылаушылардың қатарында болдым, осы жолы ел бойынша бақылаушыларды қалыптастыруға дәрістер өткізу арқылы атсалысайын деп жатырмын. Бақылаушылардың негізгі бөлігі жастар болмақ деп ойлаймын, атап айтқанда, оларға «Азаматтық қоғам не үшін керек?» және «Қалай тиімді пост жазу керек?» тақырыптарында дәрістер өткізуді жоспарлап отырмын. Бұдан бөлек процеске жаңа бақылаушыларды тарту да жоспарда бар.
Әрине, елдегі бүкіл сайлау учаскелерін толық қамту үшін 20 мыңның үстінде білікті бақылаушы керек, аз болып көрінгенмен, ел болып осы көрсеткішке әлі жете алмай келеміз. Бірақ көш жүре түзеледі. 2019 жылы азаматтық белсенділер көтерген туды түсірмей, бағыттан таймай, бақылаушылар институтын нығайтуды жалғастыра беру керек. Сайлаудан сайлауға бақылауға алынатын учаскелерін саны артса, ертелі-кеш халықтың дауысы түгел ескерілетін күнге де жетеміз.
АСХАТ ҚАСЕНҒАЛИ:
Елімізде әділ әрі шынайы сайлау өткенін барлығымыз да қалаймыз. Алайда сайлаудың шынайы өтуіне билікты құлықты емес. Жасыратыны жоқ. Сайлаудың таза өтуіне қарапайым адамдар мүдделі. Көптеген Қазақстан азаматында берген дауысым, салған бюллетенім өзге кандидаттың қанжығасына байланып кетуі немесе қоқыс жәшігінде жатуы мүмкін деген күдік бар. Бұл ұзақ жылдар бойы қалыптасқан және әлі де жалғасын тауып келе жатқан сайлаудағы құйтырқы әрекеттердің нәтижесі. Біз бұл олқылықты толық шешпесек те, сайлауда бақылаушыларды қатыстырып, оқытып көргіміз келеді. Әрине, тұтас Қазақстанды қамту мүмкін емес. Оны биліктік партиялар ғана жасай алатын шығар. Бірақ барынша көп учаскені қамтуға тырысамыз. Ірі қалаларды, облыс орталықтарын қамтуға тырысамыз. Ел бойынша 6 мыңға жуық бақылаушы оқытуға әрекеттеніп, жоспарлап отырмыз.
БИГЕЛЬДЫ ГАБДУЛЛИН:
Уважаемые коллеги!
Стоит ли вам рассказывать о необходимости честных и прозрачных выборов. Коль наша страна взяла курс на демократизацию, то предстоящие выборы президентские должны пройти честно и без всяких подтасовок. Именно такую цель преследует наше гражданское движение «BAQYLA» организованное на общественных началах.
В стране чуть более 10 тысяч избирательных участков для голосования. Мы планируем покрыть своими наблюдателями одну треть, Более 20-ти городов страны. Нами будут организованы специальные курсы в Алматы для подготовки наблюдателей от всех регионов республики. Для этого пригласим опытных тренеров, политологов, юристов для их обучения.
Таким образом мы хотим внести свою лепту в формирование политической культуры, в воспитание нового поколения ответственных и сознательных граждан, для которых Родина – не пустой звук. Честные и прозрачные выборы – вот наша основная цель!
ЭДУАРД ПОЛЕТАЕВ:
Все мы хотим, чтобы в нашей стране прошли честные и настоящие выборы. Однако власти не хотят, чтобы выборы прошли реально. Это ни для кого не секрет. Простые граждане заинтересованы в том, чтобы выборы прошли чисто. У многих граждан Казахстана есть подозрение, что голос, который они подали, бюллетень, который положили может быть привязан к чужому кандидату или лежать в мусорном баке. Это результат действий на выборах, которые сложились на протяжении многих лет и продолжаются до сих пор. Несмотря на то, что мы полностью не разрешаем этот пробел, однако мы хотим привлечь и обучить наблюдателей на выборах. Конечно, невозможно охватить весь Казахстан. Возможно, это могут сделать только подвластные партии. Но со своей стороны мы постараемся охватить как можно больше участков. Будем работать над охватом крупных городов и областных центров. По стране планируется обучить около 6 тысяч наблюдателей.