«Нұрболхан менің жан досым. Өтірік соттастық…»: Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрболхан Шарапов бір жобада

0
Елімізге белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызымен Нұрболхан Шарапов бір жобада бой көрсетті.
Жақында «Jai Battle» атты Есен Елеукеннің жаңа жобасында төбе көрсеткен Ләйлә ханым мен Нұрболхан мырза көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Жоба жүргізушісі болып Нұрболхан Шарапов әділ-қазы алқасында отырған Ләйлә Сұлтанқызын өзі хабарлады.

«Ну, здравствуй Ләйлә! Как говорится жер домалақ. Қанша уақыттан кейін кездестік. Жүр, сөйлесіп қайтайық! Ойнап айтам-ойнап айтам Қазақстанның Еңбең сіңірген қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы», — деп қалжың аралас хабарлап елді қыран-топан күлкіге қарқ етті.

Өз кезегінде Ләйлә Сұлтанқызы:

«Нұрболхан білесің бе? Маған тикток желісінде сіз Нұрболханмен араласасыз ба?, — деп сұрап жатады. Мен оларға айтамын. «Иә, Нұрболхан менің жан досым ғой. Сіздер білмейсіздер оны деп. «Jai Battle»-ға келгеніме қуаныштымын. Жақсы ойын болады деп үміттенемін», — деді.

«Иә, біз жан достармыз, өтірік соттастық қой», — деп Нұрболхан тағы да халықты бір шулатты.

Еске салсақ, 2019 жылы әзілкеш пен жүргізуші арасында үлкен дау туған болатын. «Өз-ойым» бағдарламасының жүргізушісі әрі жоба авторы Ләйлә ханымға Нұрболхан Шарапов ашық үндеу жариялаған болатын. Себебі, Ләйлә Сұлтанқызы мемлекеттік арнаның тікелей эфиріне трансгендерді шақырып онымен сұхбат жүргізген болатын.