Алдағы күндері Қазақстанда -2 градусқа дейін үсік жүреді

0

Қазақстанға 2 градусқа дейін аяз келеді. Бұл туралы Қазгидрометтен хабарланды.

Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды.

Нұр-Сұлтанда 31 тамыз бен 2 қыркүйекте 2 градусқа дейін аяз күтіледі. Елорда тұрғындарына алдағы суық туралы SMS хабарлама жіберілді.

31 тамыз-1 қыркүйек аралығында Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында дәл осындай температура болады.

«2-3 қыркүйекке қараған түні Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі.
2 қыркүйекке қараған түні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында және шығысында топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады.

2 қыркүйекке қараған түні Ақмола облысының солтүстігінде, батысында және шығысында топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі.

2 қыркүйекке қараған түні Қарағанды ​​облысының солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі.

2-3 қыркүйекке қараған түні Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі», – деп толықтырды