Алдағы екі күнде 6 облыста ауа райы нашарлайды

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті 2021 жылдың 7-8 ақпанында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа-райы нашарлайтынын хабарлайды.
Қазгидромет орталығының ақпарынша, жауын-шашын, атап айтқанда, жаңбыр, қар жауып, кей жерлерде тұман мен көктайғақ күтілуде.
Сондай-ақ, ауа температурасы күрт төмендеп, секундына 23-28 метр жылдамдықпен бұрқасын соғады деп болжанады. Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі.
Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа аласыздар.