Акын Акыныч пен ҚТЖ жолсерігінің айтысы

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

22 0 0

Видеоблогер заманауи қазақстандық пойызға неге көңілі толмайтынын өлең арқылы жеткізді. Оның сынына суырып салма жолсерік жауап беріпті

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Танымал қазақстандық видеоблогер, ақын әрі домбырашы, Ақын Ақыныч деген атпен белгілі Андрей Фендриков еліміздің ең үздік пойызы «Тұлпар-Тальгоға» отырып, әзіл-шыны аралас айтыс өлең жолдарын шығарды.

Ақын Ақыныч пойыздағы купе мен әжетхананың тарлығына, интернеттің жоқтығына және вагон-мейрамханадағы қымбат бағаға назар аударды.

Содан соң, ақын әрі музыкант «Қазақстан темір жолы» АҚ ұлттық теміржол тасымалдаушысының ұжымдық мерекесінде өнер көрсету арманы енді орындалмайтынын айтып қалжыңдаған.

Ақын Ақынычқа осы пойыздың жолсерігі жауап берді. Ол вагондар тар болса да, таза, пойыз селкілдесе де, тез жүреді, ал вагон-мейрамханаға ақша жоқ болса, әйелің жолға тамақ әзірлеп берсін деп айтысты жалғастырды.

Ақын да тек тұрмай, екінші раундтың видеосын жариялапты. Онда жаңа пойыз қанша жерден жақсы болса да, тар екендігі сонша, жолсеріктердің өзіне орын жоқ деп жырлады. Әрі сөз соңында ҚТЖ қызметкерлерінен бұл әзіл айтысқа өкпелемеуін өтінді.

«Тұлпар-Тальго» жедел пойызы Қазақстанда 2011 жылдан бері шығарылады. Алайда еліміздегі бүкіл бағыттар бойынша жүрмейді. 

Ал ескі пойыздардың жағдайы талайдан бері жолаушылардың сынына ұшырап жүр.