Ғалымдар қатерлі ісікті жоятын жемістер мен көкөністерді атады

0
Зерттеушілер кейбір жемістер мен көкөністерді үнемі пайдалану қатерлі  ісіктің өсуіне жол бермейтінін анықтады.

NutriNet-Santé жобасының француз диетологтары өнімдердің жекелеген түрлері қатерлі ісіктің ең тиімді терапиясы болуы мүмкін екенін тапты, деп жазады Science Alert.

Ғалымдар органикалық категория деп аталатын табиғи өнімдер — көкөністер, жемістер, сондай-ақ ет және балық — ағзадағы қабынудың жалпы деңгейін төмендету және онкологиялық аурулармен күресудің негізгі құралы деп атады.

Зерттеушілер, антибиотик және пестицидтермен өңдеуден өткізілмеген таза қызанақ, қияр, баклажан, картоп, ет және сүт басқа өнімдерге қарағанда денсаулыққа әлдеқайда пайдалы екенін анықтады.

Табиғи өнімдермен аралас терапия сіздің әл-ауқатыңызды едәуір жақсартады және ауыр қатерлі ісікті дамыту қаупін үш есеге азайтады.

Сонымен қатар, зерттеушілер дүкенге барғанда ондағы жемістердің  нитрат деңгейін өлшеу артық болмайды деп атап көрсетеді. Қымбат баға қойылған көкөніс мен жемістерді сатып алғанда сіз дәрі-дәрмектер мен дәрігерлерге жұмсалатын ақшаны үнемдейсіз.