Актриса көрерменді шапалақпен тартып жіберді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Оқиға Ресейдің Петербург қаласындағы қойылым кезінде болған

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Спектакль тамашалауға барған көрерменнің бірі өзін актриса Катрин Ненашева шапалақпен тартып жібергенін айтты, деп хабарлайды «Собака.Ru».

Зардап шегушінің айтуынша, оқиға зорлық мәселесіне арналған иммерсивтік спектакль кезінде болған. Қойылым барысында актерлер көрерменмен байланыс орнатуға көңіл бөлген. Осы кезде актриса жас қыздың бетінен шапалақпен салып жіберді. Ол мұны қойылымның ерекше болғанымен түсіндіріп отыр.

«Қойылымның көрермендермен байланыс орнатып, арадағы шекараны бұзатын иммерсивті спектакль екенін жарияладық. Бұл оқиғадан соң  «Груз 300″ қойылымына келетін көрермендермен арнайы келісімшартқа қол қоятын боламыз. Қойылым кезінде тағы бір көрерменге шапалақ тиді. Алайда ол еш жерге шағымданған жоқ. Өйткені қайда келгенін жақсы білді», — деді Ненашева.

Шоу ұйымдастырушылары екі қыздан да кешірім сұрады. Оларға билет ақшасы мен ем алуға жұмсалған қаражатты қайтаруды ұсынған.



sputniknews.kz