Home›Жаңалықтар›Актриса Анастасия Заворотнюктің жағдайы нашарлап кетті
Актриса Анастасия Заворотнюктің жағдайы нашарлап кетті
21 Қаңтар, 2022, 15:16
0
Актриса Анастасия Заворотнюктің қызы глиобластомамен үш жылдан астам күресіп келген анасының жағдайы нашарлап кеткенін мойындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасап.
«Прекрасная няня» телехикаясының жұлдызы көптен бері көпшілік алдында көрінбеді, алаңдаулы жанкүйерлері барлық сұрақтарды актрисаның қызына жолдайды. Осылайша, үлкен қызы Анастасия Заворотнюк сөйлеуді тоқтатқанын айтты. Қыздың айтуынша, анасының қолдауынсыз оған өте қиын. Сонымен қатар, абоненттердің бірі Заворотнюктің аман қалу мүмкіндігі бар ма деп сұрады.
Өнерпаздың үлкен қызы мұндай сауалдардың жүрегін сыздатып, ашуын келтіретінін жасырмады.
Актрисаның қызы анасы аурумен күресуді жалғастырып жатқанын, олар тек ғажайыптан үміттенетінін айтты.