Актер Жанатбек Бәйтеков қос қуанышын дүркіретіп атап өтті (фото)

0

Белгілі актер әрі жүргізуші Жанатбек Бәйтековтың отбасылық қуанышын дүбірлі той жасап, атап өтті. Мерекелік жиында бірқатар өнер жұлдыздары бой көрсетті, деп жазады Kznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жанатбек Бәйтеков балаларының сүндет тойы мен тұсаукесерін дүркіретіп атап өтті. Актердің қос қуанышына барша ағайын-туысы мен өнердегі бірқатар досы жиналған. Олардың қатарында Сәбит Әбдіхалықов, Бүркіт пен Аиша, Бота Бейсенова, Берік Уәли, Сәкен Майғазиев, Мирас пен Құралай, Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков, Жұбаныш Жексенұлы және т.б бар.

Той иелері балаларымен бірге қазақи нақышта киініп шыққан. Той қонақтары оларды ерекше қошеметпен қарсы алды. Дүбірлі тойда болған өнер өкілдері қонақ болып қана қоймай, көпшілікке өз өнерін де паш еткен. Жұлдызды жанұяның тойы қалай өткенін Instagram желісінен көріге болады. 

Фото: әлеуметтік желіден

фото: youtube