«АрселорМиттал Теміртаудың» атауы да, басшысы да өзгерді

0

Компания баспасөз қызметі өкілдерінің ақпараты бойынша, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бүгін QARMET жаңа инвесторын еңбек ұжымына таныстырған. Сондай-ақ QARMET құрамындағы Qazaqstan Steel Group акционерінің ресми өкілі болып Талғат Темірханов тағайындалғаны белгілі болды.

«Параграф» ақпараттық-іздестіру жүйесі сайтындағы дерекке сүйенсек, Талғат Темірханов 1987 жылы 29 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2008-2013 жылдары – «АрселорМиталл Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Саран» шахтасының техникалық бөлімінің бас маманы болып бастаған әрі 2013 жылға дейін түрлі қызметте болған. 

фото: azattyq-ruhy.kz