«Әкесі өз қолымен жасады»: Ерке Есмахан бөпесінің бөлмесін көрсетті
Жақында екінші рет ұлды болған Ерке Есмахан жағдайын айтып, оқырмандарына ұлының ерекше бөлмесін көрсетті. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әнші Ерке Есмахан екінші рет әріптесі Raim-ға тұрмысқа шыққан болатын.
«Шүкір!» дегеннен басқа айтарым жоқ. Барлық тілекшілерге алғысым шексіз. Әр шаңырақта тек қуаныш болсын. Әкесінің ұлына деп өз қолымен жасаған бөлмесі. Ал бүгін түнгі 00:00 де кешікпей менің де туған күнім кеп қалады. Құттықтаулар қабылданады», – дейді әнші.
Алғаш рет әке атанып жатқан әнші қабырғаға бірдей ұсақ қонжықтарды іліп тастаған. Сонымен қатар әнші перзентханаға тек күйеуі ғана келгенін айтты.
“Күйеуім сыйлаған 101 розаны перзентханаға тастап, үшеуіміз болып қана шықтық. Өзіміз киініп, бөпені киіндіріп, дәрігер апайларға рақметімізді айтып, тып-тыныш болып шықтық”, – деп жазды әнші.
Үйге шыға салысымен әнші жаңа жасын қарсы алды.
“Бөлмеде бөпенің жағдайын жасап, киімін ауыстырып, одан кейін ықылық атып, енді тамақтандырайын деп отырғанда бөлмеге құттықтаушылар кіріп келді. Осылай туған күнім басталды”, – дейді әнші.
Желі қолданушылары сүйікті әншісіне ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.