«Әкесі көмектесіпті деп айтады». Асқар Жұмаділдаев ұлының неге математик болғанын қаламағанын айтты
Белгілі академик Асқар Жұмаділдаев Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында ұлының неге математик болғанын қаламағанын айтты.
— Ұлыңыздың математик болғанын қаламағаныңыз рас па?
— Рас.
— Неге? Технократ керек дейсіз де, ұлыңыздың математик болғанын қаламайсыз.
— Технократ неге тек математик болуы керек? Кім айтты сізге ондай әңгімені?
— Ол кісі физик пе сонда?
— Жоқ, ол — программист.
— Сұрақ қойдың, айтайын. Ұлым роботпен шұғылданды. Қазір қойып, программист болып жүр. Қазір олимпиадаға қатысып озып жүр. Ғылыми жоба жазып, одан да озып жүр. Мен сізге кішкене қулық айтайын — мен компьютердің теориясын білгеніммен, оны өзім істей алмаймын. Мен істеп жүрген жұмыстарымның барлығын ұлым жасап береді. Балалар барлығын тез ұғып алады. Қазір олимпиадада озып жүр. Білдіңіз бе? Математиканы да жақсы біледі.
Бірақ бұлай айтуымның себебі — қазақта сөз көп қой. Мен лажы болса, сөздің көп болғанын қаламаймын. «Әкесі математик, әкесі көмектесіпті» деп айтады деп «Балам, математикаға бармай-ақ қойшы» дедім. Физика, программирование бар деген сияқты. Қазір ол керемет жапонша оқып жүр. Қазір балалар ақылды. Интернетке қарады да жапонша үйреніп алды. Мен кезінде оқыған едім. Соның кітаптары бар еді. Сол менің кітаптарымды тауып алыпты.