Қытаймен шекарадағы ауылдар қаңырап жатыр – әкімдер не дейді (видео)

0
296
Фото: Хабар 24

«Қытай мемлекеті шекараның бойына жол салып, завод, фабрика тұрғызып жатыр. Ішкі Қытайдан халықты көшіріп әкеліп жатыр. Ал біздің Қазақстанның шекарасы бойынан халық керісінше көшіп жатыр. Осы жағдай бізді өте толғандырады». Бұл туралы Qazaqstan арнасында айтылды.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы тұрғындарының қайта-қайта көтеріп, толассыз хат жазып жүрген мәселесін аманат болғасын ұсынамыз – олар облыстағы Ақжар мен Ақсуатты Алматы облысындағы Кегеннен Нарынқолды бөлген сияқты, бұрынғы Тарбағатай ауданын қайтадан қалпына келтіру деп есептейді.

Тарбағатай ауданының аты қалғанымен, оны Ақсуат ауданымен қосқан, Ақжар аудан орталығы мәртебесінен айырылған.

Иә, елдің айтатын ең басты аргументі – аудан шекарада жатыр. Шекара бойында халықтың тығыз орналасуы аса маңызды екеніне нұсқап. Адамдарды Ержан Жақып тағы барып тыңдап қайтты.