Акция жеңімпаздары анықталды | «Айқын» газеті
Мемлекеттік кірістер комитетінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының қорытынды ұтысы өтті.
Айта кетейік, акция 21 мамыр мен 30 қараша аралығында жүргізілді. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында жүлделер табысталды. Ұйымдастырушылар алты ай ішінде 30 мың азаматтан шамамен 2,3 млн түбіртек алған. Оның басым бөлігі Алматы қаласы мен Түркістан облысынан келді.
Жиын барысында сөз сөйлеген Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов акция басталғалы бері Республика бойынша 300-ге жуық бағалы сыйлық ойнатылғанын айтты.
«Аталған акцияны біз осымен төртінші жыл өткізіп отырмыз. Бұл акция азаматтарға бір уақытта кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға белсенді қатысуына және бағалы жүлделер ұтып алуға мүмкіндік бергенін атап өту қажет», – деді ол.
Іс-шараның маңыздылығы туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев пен WIPON қосымшасын әзірлеуші Данияр Аязбаев айтып өтті.
Бұдан соң, түбіртек арқылы жүлделі болғандар тікелей эфирде кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталды. 360 теңгенің түбіртегімен Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылының тұрғыны Орынбала Какенова жеңіл автокөлік ұтып алды. Бас жүлде иегері акцияға барлығы 2516 түбіртек жіберген. Астана қаласының тұрғыны Ұлдай Ысқақова 585 теңгенің түбіртегімен телевизорға ие болса, Алматы қаласының тұрғыны Айнұр Оханова 429 теңгенің түбіртегімен планшет ұтып алды.
Акция барысында 91 мыңнан аса түбіртек жіберген Түркістан облысының тұрғыны Жанар Қозғамбаева «Ең белсенді қатысушы» атанып, планшет ұтып алды. Сонымен қатар БКМ қолдану тәртібін қоғамдық бақылау негізінде азаматтық ұстанымын көрсеткені үшін алматылық Антон Шинға ұялы телефон сыйға берілді.
Акция – кәсіпкерлердің тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау және ақшалай қамтамасыз ету үшін қолма-қол ақшаны реттеудегі чектерін беру бөлігінде қаражатты басқару тәртібін қамтамасыз етуге бағытталды. Айта кетейік, акция 21 мамыр мен
30 қараша аралығында жүргізілді. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында жүлделер табысталды. Ұйымдастырушылар алты ай ішінде 30 мың азаматтан шамамен 2,3 млн түбіртек алған. Оның басым бөлігі Алматы қаласы мен Түркістан облысынан келді.
Жиын барысында сөз сөйлеген Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов акция басталғалы бері Республика бойынша 300-ге жуық бағалы сыйлық ойнатылғанын айтты.
«Аталған акцияны біз осымен төртінші жыл өткізіп отырмыз. Бұл акция азаматтарға бір уақытта кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға белсенді қатысуына және бағалы жүлделер ұтып алуға мүмкіндік бергенін атап өту қажет», – деді ол.
Іс-шараның маңыздылығы туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев пен WIPON қосымшасын әзірлеуші Данияр Аязбаев айтып өтті.
Бұдан соң, түбіртек арқылы жүлделі болғандар тікелей эфирде кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталды. 360 теңгенің түбіртегімен Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылының тұрғыны Орынбала Какенова жеңіл автокөлік ұтып алды. Бас жүлде иегері акцияға барлығы 2516 түбіртек жіберген. Астана қаласының тұрғыны Ұлдай Ысқақова 585 теңгенің түбіртегімен телевизорға ие болса, Алматы қаласының тұрғыны Айнұр Оханова 429 теңгенің түбіртегімен планшет ұтып алды.
Акция барысында 91 мыңнан аса түбіртек жіберген Түркістан облысының тұрғыны Жанар Қозғамбаева «Ең белсенді қатысушы» атанып, планшет ұтып алды. Сонымен қатар БКМ қолдану тәртібін қоғамдық бақылау негізінде азаматтық ұстанымын көрсеткені үшін алматылық Антон Шинға ұялы телефон сыйға берілді.
Акция – кәсіпкерлердің тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау және ақшалай қамтамасыз ету үшін қолма-қол ақшаны реттеудегі чектерін беру бөлігінде қаражатты басқару тәртібін қамтамасыз етуге бағытталды.
Абылайхан ЖҰМАШ
Дереккөз: Айқын