Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағалары қаншаға қымбаттады: себебі не

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

104 0 0

Зерттеушілер азық-түлік бағасының қымбаттауын маусым және жанар-жағармай материалдарының, электр энергиясы мен коммуналдық қызметтің қымбаттауымен байланыстырып отыр

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда бір ай ішінде көкөніс, тауық пен балықтың еті қымбаттады. Әсіресе, қияр мен қызанақтың бағасы айтарлықтай өскені байқалады. Алғашқысының бағасы — 45,8%, екіншісінің бағасы — 32,8%-ке көтерілді.

«Қыс маусымында алыстан алып келетін немесе жылыжайда өсетін көкөністер қымбаттайды. Сондай-ақ, орамжапырақ бағасы 18,3% өсті. Жалпы бір ай ішінде барлық азық-түліктің бағасы көтерілді», — деді Energypro агенттегіндегілер.

Көкөністер бағасының күрт өзгеруіне өнімнің жарамдылық мерзімі себепші. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер азық-түлік бағасының қымбаттауына электр энергиясының, коммуналдық қызметтің және жанар-жағармай материалдарының қымбаттауы тікелей әсер еткенін хабарлады. 

Желтоқсан айында жеміс-жидектер ішінде банан (+2,4%) мен кептірілген өрік (+0,4%) бағасы өсті. Ал лимон керісінше бір айда 2,3% арзандады.
Бұдан өзге шикі сүт — 3,1%, спрэд — 0,7%, ал май 0,5% қымбаттады.

Желтоқсанда жаңа ауланған балық бағасы — 2,6%, тоңазытқышта мұздатылғандары — 1,8%, ал тұздалған және кепкен түрі 1,6% арзандады.
Құс фермасы өнімдері қымбаттауда: бір айда тауық еті — 2,5%, жұмыртқа — 2,4%, ал тауық саны 2% өсті.

Ет пен қызыл еттің бағасы кемінде 1%-ке артты.

Тағы оқыңыз:

Жарма өнімдері ішінде тары — 1,4%, бірінші сорттағы ұн — 0,9%, сондай-ақ, жоғары сорт 0,7% қымбаттады. Бір айда нан бағасы 1% өсті. Ал макарон өнімдері ішінде вермишель, кеспе және түтік кеспе 1% қымбаттады.

Сусындар ішінде арақ бағасы — 1,3%, су бағасы 0,4%-ке артты.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз