Айзада Хабиболлаева «Астана аруы» атанды

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Биыл сұлулық байқауына 19 ару қатысты. Олардың арасында үздік бестікке Ханзада Әзірбай, Медина Зауырбек, Қарлығаш Жангарина, Наталия Федотенкова, Айзада Хабиболлаева енді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. «Miss Astana» конкурсында 19 жастағы Айзада Хабиболлаева жеңіске жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


©
Sputnik / Владислав Воднев

«Астана аруы-2019» сұлулық байқауының қатысушылары

Осы жылы «Miss Astana 2019» байқауына қатысуға 17 мен 24 жас аралығындағы 583 бойжеткен өтініш білдірген. Ақтыс сайыста өнер көрсетуге 19 ару өтті. Олар – Наталия Федотенкова, Раиса Пасмурцева, Назерке Едіге, Айзада Хабиболлаева, Анель Ершова, Ақбота Амангелді, Дайана Токкожина, Медина Зауырбек, Жұлдыз Жарылғасын, Ангелина Ванина, Наргис Шонизорова, Қарлығаш Жангарина, Камила Көптілеу, Динара Садирмекова, Владлена Рахман, Алина Серікова, Айдана Жақсылық, Ханзада Әзірбай, Айым Имашева.


©
Sputnik / Владислав Воднев

«Астана аруы-2019» сұлулық байқауының қатысушылары

Сұлулық байқауы бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен арулар вайнер Жека Fatbelly және әнші Ринат Малцаговтың орындауындағы әнге биледі. Кейін көрермендерге өз өнерлерін паш етті.

Байқауға қатысушылардың өнерін әділ-қазылар мүшелері – Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, танымал имидж-стилист Аида Есеналина, «Қазақстан студенттер альянсының» президенті Ілияс Түстікбаев, «Барыс» хоккей клубының қорғаушысы, құрылықтық хоккей лигасының ең сұңғақ ойыншысы (2 метр, 5 см) Виктор Сведберг, «Miss Kazakhstan» ұлттық конкурсының директоры Алена Кырбасова, «Miss Kazakhstan» ұлттық конкурсының әлеуметтік бағдарламалар директоры Совет Сейітов, дизайнер, стилист, «Жас қанаттар» іскер әйелдер қауымдастығы төрайымының орынбасары Зарина Ақшолақова бағалады.

Олардың шешімімен үздік бестікке Ханзада Әзірбай, Медина Зауырбек, Қарлығаш Жангарина, Наталия Федотенкова, Айзада Хабиболлаева енді.

Кейін аруларға түрлі сұрақтар қойылды. Байқауға қатысушылар бұл кезеңнен де сүрінбей өтті.

Әділ-қазылар алқасының шешімімен «Miss Astana» байқауында 19 жастағы Айзада Хабиболлаева жеңіске жетті. Ол арнайы тәжді киіп, «Miss Kazakhastan» ұлттық байқауына қатысуға мүмкіндік алды.

Бірінші орынды 20 жастағы Ханзада Әзірбай жеңіп алса, екінші орынды Қарлығаш Жангарина иеленді. Үшінші орын Наталия Федотенковаға бұйырды.

Айта кетейік, арулар байқауының ақтық сыны елордадағы «ҚазМедиа Холл» телерадиокешенінде өтті.



sputniknews.kz