Айыппұлдың орнына 5 мың теңге: Қазақстандық жүргізушілерге айыппұлдан құтылудың әдісі ұсынылуда

0

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті автокөлік иелерін Qiwi әмиянға 5000 теңге салу арқылы айыппұлдан құтылуды ұсынатындарға сенбеуге шақырды.

 

Жүргізушілерді алдап, заңсыз ақша табудың жаңа әдісі құқық қорғау органдарының назарын аударды.

Белгісіз біреулер көлік жүргізушілеріне айыппұл туралы қағаз қалдырып, қомақты көлемдегі айппұлдан 5 мың теңге төлеу арқылы құтылуды ұсынуда.

«Автокөлік иелерінің назарына! Егер осы тәрізді заңсыз әрекетке тап болсаңыз, ішкі істер органдарына жүгіну керек», – деп жазды ҚР ІІМ ӘПК баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина Facebook желісінде.

 

Источник: Stan.kz


Тегтер:айыппұл