Айыппұлдың орнына 5 мың теңге

0
21 Желтоқсан 2018, 20:54 193 0

Астана, BAQ.KZ. Елімізде белгісіз біреулер көлік жүргізушілеріне қомақты айппұлдан 5 мың теңге төлеу арқылы құтылуға болатындығы туралы қағаз қалдырған. Ол үшін парақшада көрсетілген Qiwi әмиянға 5000 теңге аударса болғаны.

Алайда жүргізушілерді алдап, заңсыз ақша табудың жаңа әдісі құқық қорғау органдарының назарын аударды. ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті автокөлік иелерін мүндай жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

«Автокөлік иелерінің назарына! Егер осы тәрізді заңсыз әрекетке тап болсаңыз, ішкі істер органдарына жүгіну керек», – дейді ҚР ІІМ ӘПК баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ