Айтқаным айдай келді – Лукашенко

0

Лукашенко тәуелсіздік күніне орай Минскіде өткен салтанатты жиында бүй деді.

Беларусь Президенті Александр Лукашенко таяу уақытта Орталық Азияда екі күштің – бір жағынан АҚШ пен Еуроодақ, екінші жағынан Қытайдың үстемдік үшін күресі басталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Жыл басында Лукашенко Қазақстандағы қаңтар оқиғаларынан кейін арандатудың келесі нүктесі Өзбекстан болуы мүмкін деп болжаған еді.

«Өзбектерге көптеген дерек келтірдік, саммиттердің бірінде айтқанымда олар тіпті ренжіген еді. Кеше не болды? Қарақалпақ Республикасы, Өзбекстанның жартысына жуығы, Конституцияда бір нәрсе дұрыс көрсетілмей көтеріліп кетті. Жоқ! Енді бүгін шетелдіктер қол сұқты дей бастады…», – деді Беларусь басшысы.

Ол Орталық Азия, біз сияқты, екі оттың арасында қалды дейді.

«Бір жағынан еуропалықтар мен америкалықтар, ал екінші жағынан – Орталық Азияның аман қалуына қатты көмектесіп жатқан Қытай. Бұл тартыс таяу уақытта Орталық Азияда болады. Мұның белгілері қазірден байқалады», – деді Лукашенко.