«Терісқақпай» театрының тағы бір актері дүниеден өтті

0
Осыдан екі жыл бұрын әлемді жаулаған індеттен «Терісқақпай» комедия театрының актері Дархан Дайырбек өмірден өткен. Енді осы аптада сол театрдың тағы бір актері Отаралы Көлжан да жарық дүниемен қош айтысты.

Бұл туралы сатирик Асқар Наймантаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Бүгін мен досымнан айырылдым. Енді Отаралы Көлжан жоқ, – деп жазды Асқар Наймантаев.

Отаралы Көлжан – көп жылдар бойы өнер академиясында ұстаздық еткен. Театр сахнасында өнер көрсеткен. Сондай-ақ кинофильмдер мен сериалдарға түскен. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.