Айсәуле Бақытбектің тойы қалай өтті – фото, видео

0

Жастардың тойы Алматыдағы бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде өтті

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова үлкен қызы Айсәуленің тойынан фотолар жариялады.

Айсәуле мен Әлішердің үйлену тойы Алматыдағы бесжұлдызды қонақүйлердің бірінде өтті. Қалыңдық израильдік сән үйінің көйлегін таңдаған.

Ал қымбат біз өкше жылтыраған туфлиі әлемге белгілі дизайнердің қолынан шыққан.

Баян Алагөзова өзі қызының тойына ұзын қызық көйлек киіпті.

Кештің жүргізушісі — шоумен Олег Гостев.

Жас жұбайлардың қуанышын бөлісуге продюсердің өнердегі әріптестері келген.

Тойға келген қонақтар Айсәуле мен Әлішердің ерекше биін тамашалады.



sputniknews.kz