Күресті жалғастырып, алдағы ойындарда жеңіске жету керек 

0

«Ертіс» ФК шабуылшысы Момоду Сисей қостанайлық «Тобылға» қарсы өткен матч жайлы өз пікірін білдірді. 

-Жеңілістен кейін, айтар сөз де жоқ. Дегенмен күресті жалғастырып, жаттығуларда бұдан да артық жұмыс жасап, алдағы ойындарда жеңіске жету қажет. Иә, біз бүгін ұтылдық, бұл қуантарлық нәтиже емес. Алайда маусым енді ғана басталды. Біздің команда жақсы ойыншылардан жинақталды деп ойлаймын. Және әрбіреуіміз тек жеңіс үшін күресуге дайынбыз. Сол себепті келесі ойынға дейін физикалық және менталдық тұрғыдан дайындығымызды күшейту керек, — деді Сисей клубтың баспасөз қызметіне. 



Дереккөз: prosports.kz/kz