Айсәуле Бақытбек жақында тағы да сәбилі болатынын хабарлады (фото, видео)

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек желідегі парақшасында жақында тағы да сәбилі болатынын мәлімдеді, деп жазады Kznews.kz тілшісі. Айсәуле Бақытбек қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. «1+1=4» деп жазды ол жарияланған видеоның жазбасында.
Блогердің қуанышты жаңалығын көрген желі қолданушылары оны бірден құттықтап, ақ тілегін жолдаған. «Айсәуле, құттықтаймын. Сендердің отбасыларың үшін өте қуаныштымын», «Аман-есен жаның қалсын», «Ұл тап», «Құттықтаймын, қандай әдемі», «Жарайсың», «Сіз үшін қуаныштымын», — деп жазуда көпшілік.
Еске сала кетсек, Айсәуле Бақытбек 2022 жылдың қаңтар айында алғаш рет ана атанған еді. Ол өмірге қыз баланы әкелген болатын.