Айқын бірінші әйелін сұрағандарға жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Күні кеше Жұлдыз Өмірғали кезекті туған күнін атап өтті. Осы күнді пайдалана отырып, Айқын да, Жұлдыз да бірге бақытты екендерін көрсетуге асықты. Екеуі бірге түскен суреттерін жарыса жариялап, елдің талқысына түсті, деп жазады Stan.kz.

Айқын бірінші әйелін сұрағандарға жауап берді

Үйленгендеріне біраз уақыт болса да, көпшілік бірінші әйелін тастап, өзінен біршама жас кіші Жұлдызбен көңіл қосқан Айқынға әлі де ренжулі. «Біреуді бақытсыз етіп, өзің бақытты болмайсың» — оқырмандар Айқын мен Жұлдызға осыны жеткізуге тырысты. Алайда «жұлдызды жұп» елдің сөзіне міз бақпастан, жауап берді. Өмірғали ел іштарлықтан айтып жатыр деп топшыласа, Айқын көпшілікке бірінші әйелінің атынан жауап берді.

«Маған сеніңіз. Әсел: «Мен үшін ешкім қиналып, мені аяп керегі жоқ. Ондайды жек көремін», — деп айтар еді. Сондықтан біреу үшін жүйкеңізді тоздырмаңыздар (сізге емес, жалпы айтылған, денсаулыққа зиян», — дейді Айқын.

Сондай-ақ, Төлепберген бірнеше әйел алу атам заманнан келе жатқан дәстүр екенін тағы бір мәрте еске салды.

«Қазіргі заман шашын бояған жігіттерді жақтап, қазақтың ата-бабамыздан қалған «жолдардың бірін» айыптайтын заман», — деді Төлепберген.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

stan.kz