Гуннар Сульшер АПЛ-де алғаш рет жеңілді

0

Англия Премьер-Лигасының 30-шы туры аясында «Арсенал» Лондонда «Манчестер Юнайтед» командасын жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жеткен «Арсенал» турнирлік кестенің төртінші сатысынан МЮ-ді ығыстырып тастады. 

Тағы бір айта кетерлігі, бұл «Манчестер Юнайтедтің» тізгінін Уле Гуннар Сульшер ұстағалы алғашқы жеңілісі. 

Норвегиялық маман 2018 жылы 19 желтоқсан күні МЮ тізгінін қолға алғалы АПЛ-де жеңілмей келе жатқан.

«Арсенал» — «Манчестер Юнайтед» 2:0 (1:0)

Гол соққандар: Джака 12 (1:0), Обамеянг 69 (пенальти – 2:0)

 



Дереккөз: prosports.kz/kz