Айнұр Тұрсынбаевадан да көп көлік ұтқан ақынның аты аталды

0

Жүрсін Ерман 97 жылдың қазан айынан бері 300-дей жеңіл көліктің өзі немесе соның құны ақындарға берілгенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Халықаралық жыршы, термеші және айтыс ақындары одағының төрағасы Жүрсін Ерман айтысты ұйымдастыруға кететін шығындар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Негізі құнды жүлде тігілетін айтыстар 97 жылдың қазан айында басталды. Сол кезде «Хабар» арнасының директоры Дариға Назарабаева болатын. Екеуміз ауызша келісім жасап, айтыстың жаңа кезеңін бастап кеттік. Содан бері 300-дей жеңіл көліктің өзі немесе соның құны ақындарға берілді», – деді Ерман астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда одақ басшысы ең көп көлік ұтқан айтыскерлерді де атады.

«Арамызда 45 көлік мінген ақындарымыз бар. Ол – Аманжол Әлтаев. 35 көлік мінген Айнұр Тұрсынбаева да бар. Бұдан бөлек, бестен-оннан көлік мінген ақындарымыз бар», – деп атап көрсетті Ерман.

Оның айтуынша, бұған дейін айтысты өткізу үшін демеушілерді іздеп, жүлде тағайындайтын. Бүгінде жағдай өзгерді. Себебі «Nur Otan» партиясы айтысты өз қамқорлығына алды. 

«Өткендегі айтысты да, «Алтын домбыраны» да, осы айтысты да мәдениет және спорт министрлігі қаржыландырып отыр. Мысалы, «Алтын домбыраға» 30 миллион теңге көлемінде шығын шықты. Ол жүлде ғана емес. Ақындардың келіп кететін жол пұлы, жататын орны, ішетін тамағы, сахнаны безендіру – бұның барлығы қымбат нәрсе», – деп атап көрсетті Ерман.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз