Айя Софияны қайтадан мешіт деп атайтын кез келді

0
181

Наурыздың 29-ы күні Түркия президенті Тайып Ердоған Стамбулдағы Айя София мұражайы қайтадан мешіт статусына ие болуы тиіс деп мәлімдеді. Бірақ ол оған мешіт статусы қашан берілетінін нақтылап айтпаған.

Әлемдік мәдени мұра ретінде ЮНЕСКО тізімінде тұрған, ұзақ тарихы бар Айя София 900 жыл бойы – шіркеу, 500 жыл бойы мешіт болған. 1935 жылы мұражайға айналған. 2014 жылы Ердоғанның кеңесшісі ескерткіштің статусы өзгермейтінін айтқан.

Ал 31 наурызға белгіленген жергілікті сайлау қарсаңында Түркия президенті Режеп Ердоған бірнеше рет Айя София туралы мәселе көтерген.

“Сайлаудан кейін Айя Софияның статусын музейден мешітке өзгертеміз» деді 29 наурызда Стамбулда жұрт алдында сөйлеген Ердоған. «Біздің біраз жоспарымыз бар және соны жүзеге асырамыз» деп сөзін жалғады. Дәл осындай мәлімдемені ол 27 наурызда жергілікті арналарға берген сұхбаты кезінде де айтқан.

Наурыздың 28-і күні АҚШ-тың халықаралық діни бостандық бойынша комиссиясы Ердоғанның мұражайға байланысты мәлімдемесін сынады.

«Айя София – христиандар үшін де, мұсылмандар үшін де өте терең тарихи-рухани маңызы бар, оның статусы өзгермеуі тиіс» делінген комиссия таратқан мәлімдемеде. ​

Azattyq