Әйгілі BBC агенттігі Ninety One туралы жазды

Сурет: Hommes
Әлемге танымал BBC агенттігі қазақстандық Ninety One тобы туралы хабар таратты.
Агенттік 91 тобының өз елінде қатаң сынға ұшырап, артынша халықаралық деңгейде танымал болғанын жазды. Сондай-ақ, Ninety One тобын Оңтүстік Кореядағы топтармен шатастырмау керектігін баян еткен. Яғни бұл Qazaq pop немесе Q-pop жанры.
«Консервативті елде олардың сырт келбеті бастапқыда қатты сынға ұшырады. Ашық түсті, тар джинсы киген ұлдардың … стилі арандатушылық іспеттес болып көрінді», — дейді топ жетекшісі Ерболат Беделхан.
Халықтың ашуланғаны соншалық, концерттерді болдырмаудың амалын жасап, түрлі қарсылық шараларын өткізген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Қазақстандағы адамдар, олардың ойында қалыптасқан қазақ ері мен әйелінің сыртқы келбетін өте жақсы қорғайды», — деді қазақстандық гендерлік маман Айзада Арыстанбек.
Ninety One тобы, немесе «91» — 2015 жылдың 1 қыркүйегінде дебют жасаған қазақстандық бойзбенд, оның құрамына ALEM (Батырхан Мәліков), ACE (Азамат Ашмақын), ZaQ (Дулат Мұхаметқалиев) және BALA (Данияр Құлымшин) кіреді.
Айта кетейік, 2020 жылдың 5 тамызында топтан A. Z. (Азамат Зенкаев) кетті.
Топтың продюсері — қазақстандық Orda музыкалық тобының мүшесі Ерболат Беделхан.