Home Жаңалықтар Отандық көріпкел: Коронавирустан осы наурызда құтыламыз

Отандық көріпкел: Коронавирустан осы наурызда құтыламыз

0
5581
Сурет: @kajetta

Қазақстандық көріпкел Қажет Ахметжанова коронавирустан құтылатын уақытты айтып берді, деп хабарлайды «Астана» арнасы.

Қажет Ахметжанова коронавирустан құтылатын уақытты болжады.

«Ол осы наурызда кетеді, коронавирус. Бірақ та коронавирустың тағы бір формасы келейін деп тұр. Одан құтылғаннан кейін тағы да бір формасы келеді. 2023 жылға дейін 3 формасымен ауырады адамдар», — деді экстрасенс Қажет Ахметжанова.

Экстрасенс Алматы қаласының атқамінерлеріне үндеу жасады. Өйткені 2021 жылы судан қауіп бар екен.

«Таудан да қауіп бар. Жер сілкінісі де болуы мүмкін. Су қоймасы күрделі жөндеуді қажет етеді, қауіпті. Сол үшін алдын алу қажет», — деді Қажет Ахметжанова.

Бұдан басқа, оның айтуынша, 2021 жыл алдына мақсат қойған жандардың жолы болатын жыл екен. Ерекше дарынды балалар өмірге келеді деп отыр.

«Сиыр» жылы елдің жаһандануына ең оңтайлы кезең болады. Бұл нумеролог Құралай Бақытқызының болжамы.

Сандардың сырын ашқан нумеролог алдағы жылы да медицина қызметкерлері мен әскерилерге артылған жүк азаймайтынын жеткізді. Дегенмен 2020 жылдағыдай қиындықтар болмайды-мыс. Жыл диханшыларға, бизнес бастағандарға қолайлы болмақ.

«Осы жыл ауыл шаруашылығын дамытып, халықтың экономикалық жағдайын жақсартуға жақсы мүмкіндік бар. Адам жоқтан барды жасап, өзін дамытып бір кәсіпті игеріп алдыға шағын бизнес ашады ма? Жалпы, өзін дамытып, бағалап, өсетін жыл», — деді нумеролог Құралай Бақытқызы.

Құралай Бақытқызы сиыр жылы да металл болғандықтан, алдағы 6 ай қиындық тудыруы ықтимал екенін айтты. Сондықтан, адамдарға жолға шыққанда сақ болуға кеңес береді.