Әйгілі байлардың жетістікке жетудегі ұстанымдары
Әйгілі байлардың жетістікке жетудегі ұстанымдары
1. Сәтсіздік – бәрін де ақылға салып жаңадан бастауға берілетін мүмкіндік. © Генри Форд
2. Егер алдыңызда тұрған мәселе шешілетін болса, сары уайымға салынудың қажеті жоқ. Егер шешілмейтін мәселе болса, ол үшін қайғырудың мән-мағынасы жоқ. © Далай Лама
3. Қанша жерден дарынды болып, нәтижеге жету үшін барыңызды салып жатсаңыз да уақыттың билігінен аса алмайсыз: тоғыз әйеліңіз жүкті болса да, бір айдан кейін балаға қол жеткізу мүмкін емес. © Уоррен Баффет
4. Бақ әрбір адамның есігін өмірінде бір рет болсын қағады, алайда, адам осы уақытта «үйінде болмағандықтан» есіктің қағылғанын естімей қалады. © Марк Твен
5. Біздің ең үлкен кемшілігіміз қиындыққа тез берілеміз. Сәттілікке деген ең дұрыс жол – тағы да бір рет қадам жасап көру. © Томас Эдисон
6. Жеке өз басым қаймақ қосылан бүлдіргенді жақсы көремін, алайда, неге екен белгісіз, балық құрттарды жақсы көреді. Сондықтан да, балыққа бара жатқанда өзімнің жақсы көретінімді емес, балықтың жақсы көретінін ойлап барамын. © Дейл Карнеги
Таңертең көзіңді ашқанда өзіңнен: «Бүгін не істеймін?» деп сұраңыз. Ал кешке көзіңізді ілерде: «Бүгін не істедім?» деп сұраңыз. © Пифагор
8. Ең кедей, ең бейшара, ең бақытсыз, ең сәтсіз адам – «ертең» сөзін көп қолданатын адам. © Роберт Кийосаки
9. Әдетте егде жастағы кісілер жастарға ақша жинауға кеңес беріп жатады. Бұл нашар кеңес. Бес теңгеліктер жинамаңыздар. Мен 40 жасқа жеткенше өмірімде бірде бір рет доллар да жианп көрмеппін. © Генри Форд
10. Мен осыны қалаймын. Осы болады. © Генри Форд
11. Мен жеңілістерді көтере алмайтынмын. Мен жай ғана іске аспайтын 10 000 әдісті таптым. © Томас Эдисон
12. Ауыр еңбек – сіз жасау керек болған, сіз жасамаған жеңіл жұмыстарды жинап алу. © Джон Максвелл
13. Мен бұрын: «Бәрінің өзгеретініне үміттенемін» деп айтатынмын. Сонан кейін бәрінің өзгеруі үшін өзімнің өзгеруім керек екендігін түсіндім. © Джим Рон
14. Өмір бойы өзім еріп келе жатқан қағида: «тырысу керек және тырысу керек және тағы да тырысу керек – бірақ ешқашан берілмеу керек!» © Ричард Бренсон
15. Өзгелер қаламаған нәрсені бүгін жаса, ертең басқалардың қолынан келмейтін өмірді сүретін боласың. © Джаред Лето
Дереккөз: Reactor
http://inform.kz