Алматы облысында айыппұлы бар жүргізушілер жауапқа тартылуда

0
101
Advertisement

Жыл басынан бері бейнекамералар арқылы жүргізушілерге 34 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Алматы облысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзып, салынған айыппұлды төлеуден жалтарған жүргізушілерді анықтау іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Полиция депатраментінің баспасөз қызметінің мәліметнше, сот орындаушыларымен бірлескен іс-шара өңірдің барлық автожолдарында жүргізілуде. Шара барысында айыппұл салынған көліктерді «Крис-П» жылжымалы фоторадар кешені айқындады.

«Жыл басынан фото-бейнетіркеу камералары арқылы анықталған жол ережесін бұзу деректері бойынша 34 миллионнан астам теңге айыппұл салынған. Белгіленген мерзімде төленген айыппұл шамамен 1 миллион теңге. Осыған орай, жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру жүргізілуде. Негізінен, «шектеу қойылған» көліктерді іздестіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ескертуді елемеген көліктер арнайы тұраққа қойылады», – деп хабарлады Әкімшілік полиция басқармасының арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Владимир Кострицын.

Бір күн ішінде «Алматы-Көкпек-Көктал» және «Алматы-Бішкек» автожолында құқық қорғау органдары 100-ге жуық тәртіп бұзушыны анықтап, кейбір көліктерді арнайы автотұраққа жіберді.

«Арнайы тұраққа қойылған тәртіп бұзушының автокөлігі салынған айыппұл санкцияларының сомасы толық өтелгеннен кейін ғана иесіне қайтарылады», – деп толықтырды полиция өкілі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз