«Әйелің ауырып жатса, тұр тамақ істе деп қалай айтасың?»: Дәурен Серғазин ер азаматтардың отбасыдағы әрекеті жайлы айтты
Дәурен Серғазин отбасында ең маңызды нәрсе тыныштық деп атады, деп хабарлайды kznews.kz сайты stan.kz порталына сілтеме жасап.
Адамдар бір отбасындағы ер азаматтардың әрекетін, немесе әйел адамның әрекетін сынауға ешкімнің хақысы жоқ дегенді айтты.
Бұл туралы актер «Қасқа жол» бағдарламасында мәлімдеді.
Актер әр азаматтың отбасындағы әрекетін өзге біреудің сынауға құқығы жоқ дейді. Бақытты отбасының формуласын қолдан жасаудың керегі жоқ.
«Мен бақытты отбасының формауласын ойдан жасаудың түкке керегі жоқ деп санаймын. Себебі, бақытты отбасы ол тыныштықта. Ешбір адамның бір отбасындағы азаматтың не әйелдің әрекетін сынауға хақы жоқ. Ол азаматқа үйде тамақ жасаған ұнайтын шығар. Немесе әйеліне көмектесу үшін жасағысы келетін шығар. Мен ер адамдардың тамақ жасағаны дұрыс деп жатқан жоқпын. Мен азаматтардың әйеліне көмектескенін құптап жатырмын», – деді актер.
Айтуынша, егер қандай қатынас болмасын ер мен әйел тату болса, елдің сөзін көңілге алудың керегі жоқ.
«Бастысы ер мен әйелі тату ма, екеуіне де солай ыңғайлы ма, ер азаматқа өз әрекеті, отбасындағы аурасы ұнайды ма, бастысы сол. Еркек мынаны істесін, мынаны істемесін деп қалай айта аламыз. Әйелің ауырып жатса, тұр тамақ істе деп қалай айтасың? Ол әр адамның тәрбиесіне, санасына байланысты. Саналы азамат, отбасында дұрыс тәрбие алған азамат ондайға жеткізбейді. Өз баласын да дұрыс тәрбиелей алады», – дейді ол.