Домой Басты тақырып «Осы ғой біздің ел!»: Дәулеттен 2,5 млрд теңгенің жымқырылуына қатысты пікір білдірді

«Осы ғой біздің ел!»: Дәулеттен 2,5 млрд теңгенің жымқырылуына қатысты пікір білдірді

0
799

Түркістан облысында қашықтан оқытуға арналған ноутбуктерді жеткізу кезінде 2,5 миллиард теңгеден аса сома жымқырылған деген дерек анықталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет «Қазақстандағы білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында пандемия кезінде мектеп оқушыларын қашықтан оқыту үшін ноутбук сатып алуға қаржы бөлгені айтылған еді.

«МТ-Сервис» ЖШС директоры Түркістан облысы әкімдігінің «Адам әлеуетін дамыту басқармасы» ММ-мен жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгеден асатын қаржыға 21 мың ноутбук жеткізуге келісімшарт жасады. Бұл ретте 2,5 миллиард теңгеден аса сомаға жеткізілген тауар тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келмеді», — делінген хабарламада.

Желіде қызу талқыға түскен осы оқиғаға қатысты танымал блогер де пікір білдірді.

«Осы ғой біздің ел. Бұнымен балалардың болашағын да ұрлап жатқанын біле ме екен, біздің шенділер?!», — деді Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі жазбасында.