Әйелі мен қызын құтқарған: Ер адам шабуыл жасаған жыртқышты жалаң қолымен өлтірді

0
51

Үндістанның Карнатака штатында Раджагопар Наик есімді адам әйелі мен қызын құтқару үшін леопардты жалаң қолымен өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Newsflare басылымына сілтеме жасап.

Оның отбасы тойдан велосипедпен қайтып келе жатқанда жыртқыш шабуыл жасаған. Леопард Раджагопардың әйелінің соңынан қуып, аяғынан тістемек болған. Нәтижесінде үшеуі де велосипедтен құлаған. Наик аңды әйелінен итеріп жіберген, содан кейін жыртқыш оған қарай ұмтылды.

«Ол маған қарай секіріп, қол мен мойнымнан тістеуге тырысты. Өзімді қолыммен қорғадым, содан кейін оны жерге жатқызып, тіземмен өлтірдім», – деді ер адам.

Жекпе-жектен кейін оның басында, қолында және мойнында жаралар қалды, сондықтан Наик ауруханаға жеткізілді.Орман қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, өлген леопард бұған дейін кем дегенде үш адамға тап берген.