Әйел шашын өсіру үшін 20 жыл бойы жумаған

0
Әйел шашын өсіру үшін 20 жыл бойы жумаған


Британдық Френки Клуни қолаң шашын 20 жыл бойы жумай келеді.

Ол шаш күтімі туралы кеңестерімен бөлісті. The Daily Mail-ге берген сұхбатында бала кезінен шашты жууды жақсы көрмегенін және таныс адамының кеңесімен сол кезден бастап оны жууды доғарғанын айтты. Қазір оның шашының ұзындығы – 1 метр 80 см-ге жетеді. 

«Алғашқы кезде шашым кір болып, көп қышитын. Содан кейін уақыт өте келе үйреніп кеттім», – дейді ару.

Ол ұзын шаш шын мәнінде күрделі күтімді қажет етпейтінін атап өтті. Айтуынша, оны жиі және ұзағырақ тарап отырсаң болғаны.

Бүгінде әйелдің жасы 32-де. Френки Клуни шашын 6 жасынан бастап өсіре бастаған. 13 жасынан бері басын жумаған. Ал 18 жастан бастан шашының ұшын еш қимаған.