Құқық нормаларын талқылау | Скачать Курстық жұмыс

0
573

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …3
I-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АКТІЛЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Құқықтық нормаларының түсінігі әдістері … … … … … … … … … … .4
1.2 Нормативтік құқықтық актілердің түрлері … … … … … … … … … … .6
1.3 Құқық нормаларын талқылау … … … … … … … … … … … … … … 11

II-БӨЛІМ. ЗАҢ БОЙЫНША НОРМА ЖҮЙЕСІ
2.1 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық … … … … … … … .. … … …20
2.2 Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі … … … … … … … . … … … … … 24

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … .33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР … … … … … … . … … … … … … … ..34
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Құқықтық норма бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған әрекет тәртібі.
Құқықтық норма — әлеуметтік құрылым ретіндегі құқықтың бастапқы
элементі, бүкіл құқықтық жүйенің негізгі түсінігі. Құқықтық норманың
салыстырмалы толық түсінігін анықтау үшін, оның құрулы процесін,
негізделуін, табиғатын, қасиеттерін, әлеуметтік ролін ұғыну керек.
Құқық нормасы туралы мәселе заң ғылымында даулы сұрақтардың бірі.
Аталмыш дипломдық жұмыста зерттеудің мақсаты: құқық нормасының
мазмұнын, оның құрылымдық сипаты мен құрылымдық бөліктерін жан —
жақты қарастыру.
Қоғамдағы көптеген негізгі құрал — әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді.
Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады.
Әлеуметтік нормалардың негізгі түрі ретінде құқық нормасы — мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған және оны бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қарастырылған жалпыға міндетті, формальды анықталған мінез — құлық ережесі; Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі — құқықтық
нормалар. Әлеуметтік норманың барлық сапаларын иемдене отырып, олар
мемлекетпен ажырағысыз байланысы арқылы анықталатын арнаулы
ерекшеліктерімен де сипатталады: көрініс табуының, бұзудан қорғаудың
үлгісі ерекше болады.
Жұмыста ғылыми зерттеудің жалпы және жеке әдістері: диалектикалық, тарихи, формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, лингвистикалық, конкретті(нақты)-әлеуметтік қолданылды. Жазбадағы көптеген ережелер, көрсетілген тұжырымдамалық мәні бар және дамудың келешегі үшін қолданылуы мүмкін.
Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік
мемлекеттердің мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер,
бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.

I-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АКТІЛЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ

1.1 Құқықтық нормаларының түсінігі әдістері
Құқық нормаларын түсіндіру — бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың,
қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының
мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған
əлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі. Түсіндіру процесін-
де нормативтік ереженің мəні, оның негізгі мақсаты мен əлеуметтік
бағыттылығы, түсіндіріліп отырған актінің мүмкін салдары, оның құқықтық
реттеу жүйесіндегі орны жəне т.б. анықталады.
Құқықтық норманы түсіндірудің мақсаты — заңшығарушының не айтқысы келгенін емес, оның қалыптастырған ережесінің мəнін анықтау. Түсіндіру қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді жəне енгізе алмайды да, ол заңдағы ережелерді түсіндіруге жəне нақтылауға бағытталған. Құқықтық норманы түсіндіру екі жақтан құралады:
— норманың мəні мен оны түсіндіруді түсіну (өзі үшін);
— норманың мазмұнын түсіндіру (өзгелер үшін).
Құқықтық нормалар түсіндіру тəсілдері — бұл құқықтық нормалардың
мазмұнын анықтауға бағытталған тəсілдер мен бағыттардың жиынтығы.
Түсіндіру тəсілдерінің мынадай түрлері бар:
1)грамматикалық — тіл құралдарының, грамматика ержелерінің, орфографияның жəне т.б. көмегімен түсіндіру;
2) логикалық — логика заңдарының жəне ережелерінің көмегімен түсіндіру;
3) жүйелік — заң нормасының басқа нормалармен жүйелік байланысын, нақты жүріс-тұрыстың құқық жүйесіндегі орны мен рөлін талдау арқылы түсіндіру;
4) тарихи-саяси — құқықтық норманы қабылдаудың нақты-тарихи жəне саяси жағдайларының көмегімен түсіндіру;
5) теологиялық (мақсатты) — нормативтік актіні қабылдау мақсаттарын анықтаудың көмегімен талқылау;
6) арнайы-заңды — заңнамада қолданылатын заң терминдерінің мазмұнын ашу арқылы түсіндіру.[17;45б]
Субъектілеріне байланысты түсіндірудің мынадай түрлері болады:
— ресми; мұндай түсіндіруді өкілетті субъектілер ғана береді, олар арнайы актіде көрініс табады жəне заңды салдарды туындатады;
— бейресми; мұндай түсіндірудің заңды міндетті мəні болмайды жəне биліктік күші жоқ.
Ресми түсіндіру нормативтік (тұлғалар мен жағдайлардың кең шеңберіне таралады) жəне казуалды (тек нақты бір жағдай үшін міндетті болып табылады) болып екіге бөлінеді. Нормативтік түсіндіру, өз кезегінде,
аутентикалық (нормативтік актіні қабыл-даған органмен беріледі) жəне
легалды (өкілетті субъектілер береді) болып екіге бөлінеді.
Түсіндірудің нəтижелері заң нормаларының шын мəніндегі мазмұны мен мəтінінің арақатынасына қарай əр түрлі болуы мүмкін. Осындай арақатынастықтың негізінде түсіндірудің үш түрін бөліп қарастырады (көлемі бойынша түсіндіру):
1) дəлме-дəл түсіндіру — құқық нормасының шын мəніндегі мағынасы мен оның мəтіндік көрінісі сəйкес келген жағдайда мүмкін;
2) шектелген түсіндіру — құқық нормасының шын мəніндегі ма-ғынасы оның мəтіндік көрінісінен тар болған жағдайда қолда-нылады;
3) кеңейтілген түсіндіру — құқық нормасының шын мəніндегі мағынасы оның мəтіндік көрінісінен кең болған жағдайда қол-данылады.
Құқықты түсіндіру актісі — бұл заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған құқықтық акт.
Құқықты түсіндіру актілерінің ерекшеліктері:
— заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған;
— нормативтік емес, нақтылаушы ережелерден құралған;
— дербес сипатқа ие емес жəне өзі түсінідіріп отырған норма-лармен бірге
əрекет етеді;
— құқықтың қайнар көзі болып табылмайды.
Құқықты түсіндіру актілерінің төмендегідей түрлері болады:
1)ресми түсіндірудің түрлеріне қарай олар нормативтік (аутентикалық жəне легалды) жəне казуалды түсіндіру актілері болып бөлінеді;
2)түсіндіруді жүзеге асырып отырған органдарға қарай — мемлекеттік
билік органдарының, басқару органдарының, сот, прокуратура
органдарының түсіндіру актілері;
3)құқықтық реттеу пəніне қарай — қылмыстық, азаматтық, əкімшілік жəне .б. 4)құқықты түсіндіру актілері;
5)сипатына қарай — материалдық жəне іс жүргізушілік түсін-діру актілері;
6)нысанына қарай — жарлықтар, қаулылар, бұйрықтар. [7;29б]

1.2 Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Нормативтік құқықтық акт — референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жарияланады. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі.
Нормативтік құқықтық актінің деңгейі — нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзінің заң күшіне қарай алатын орны.
Нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау — нормативтік құқықтық актінің толық мәтінін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшін жариялау болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді.Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
4)Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтікқаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
7) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. [11;56б]
3. Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:
1) регламент — қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;
2) ереже — қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
3) қағида — қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
4) нұсқаулық — заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт. Қазақстан Республикасының заңда рын да туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.
4. Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен бір тұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі анықталады.
5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.
6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.
Нормативтік құқықтық актілер сатысы
1.Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар. 2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады:
1) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар: 2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары;
2-1)Қазақстан Республикасының Кодекстері;
3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары; 6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары; 7) Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулылары;
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
3. Төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысы жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс. 4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары аталған сатыдан тұрады.
5. Әкімшілік-аумақтық бөліністер мәслихаттарының нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдерінің нормативтік құқықтық шешімдерінің сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергілікті мемлекеттік басқару туралы белгіленеді. 6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негізделеді және барлық өзге нормативтік құқықтық актілер оларға қайшы емес. [14;64б]
1. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.
2. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
3. Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің қолданылады.
1998 жылғы 28 наурыздағы ҚР «Нормативтік — құқықтық акт туралы заңы». Нормативтік құқықтық актілер осы заманғы құқықтық ең жетілдірілген түрі болып табылады.Нормативтік құқықтық акт — мемлекеттің құзырлы органдары қабылдаған, жалпыға бірдей міндетті заңды нормалары болатын ресми құжат.Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты: заңдар және заңға негізделген актілер деп бөлінеді. Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер-мемлекеттің атқарушы- орыңдаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар зандарды орындау мақсатында қабылданады.Заңға негізделген актілерге жататындар:
1) Президенттің жарлықтары;
2)Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;
3)Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер жиынтығы (кағидалар), бұйрықтар және т.б. түріңдегі нормативтік актілері;жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері;
4)локалдық нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің актілері.
Заң — ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акт, мұны заң шығарушы ең жоғары орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды. Заңдар: Конституция (негізгі заң); Конституциялық заң; Жай заңдар. Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің сатысы (ҚР «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңның 4-бабы):
1) Конституция — жоғары заң күші бар;
2) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар;
3) ҚР Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлыктары;
4) ҚР Кодекстері;
5) ҚР Заңдары, ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтары;
6) ҚР Парламентінің нормативтік Жарлықтары;
7) ҚР Президентінің нормативтік қаулылары;
8)ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;
9) министрлерді мен орталык мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық бұйрықтары, қаулылары;
10)мәслихаттар, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. 1998 жылы 24 наурызда №213-1 ҚРның Нормативтік құқықтық актілер туралы заңы қабылданды, ол 9 тарау , 48 баптан тұрады.

1.3 Құқық нормаларын талқылау
Құқық нормаларын талқылау — бұл мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың құқық нормаларының мазмұндарын, мәнін түсіндіру әрекеттері; бұл әрекет құқықтың қайнар көзінде көрсетілген мемлекеттік ерікті ашуға бағытталған, мақсаты оны дұрыс және тиімді іс жүзіне асыру. Құқық нормаларының сыртқы көрінісі әр уақытта абстрактылы, мәтіні өте қысқа және ыңғайлы, сондықтан құқық нормаларының мазмұнын толық түсіндірмейтіндігіне екі мәнділігі және белгісіздігі көңіл аударады.
Құқық нормалары күрделі заңдық конституция, заң шығару техникасының қатаң жолына сай құрылған, сондықтан оларды құрастыру ойлануды талап етеді;
Заң тілінің жетілмегендігінен нормалардың мәтіні нағыз құқықтық ұйғарыммен әріпті сәйкес келетін кездері болады. Талқылау заңды әрекеттің арнайыланған түрі ретінде екі кезеңнен тұрады: түсіну және түсіндіру.
Талқылау — түсіну құқықтық ұйғарымның мәнін түсіну — бұл интеллектуальді еріктегі әрекет, құқық нормасының мәні мен мазмұнын интерпретатордың талқылаушының өзінің табуына бағытталған. Талқылау-түсіндіру — бұл интеллектуалды ерікті әрекет, интерпретатормен құқықтық ұйғарымның мәні мен мазмұнын, құқықтық қатынастардағы қызығушы субъектілерге жеткізу. Мұндай талқылау басқалар үшін әр түрлі субъектілермен берілуі мүмкін жоғарғы өкілетті билік органдармен, құқықты қолдану органдарымен және жекеленген адамдармен. Заңдылық күштеріне байланысты арнайыланған және арнайыланған емес талқылауларға бөлінеді. Арнайы (легальді) құқық нормаларын талқылау, соған деген өкілдігі бар субъектілердің, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қоғамдық ұйымдардың құқық нормала- рын белгілеуге, онда көрсетілген мемлекеттік ерікті атайтын әрекеттері. Басқа субъектілері үшін міндетті маңыздылығы бар соған сай актілерді іс жүзіне асырушылардың әрекеттері. Арнайы талқылаулардың мынандай түрлері бар: ауден- титтік авторлық — сол құқық нормасын шығарған органдар дың талқылауы; легальді — нормаларды талқылау өкілеттігі басқа органға беріледі; нормативтік жалпылама — құқық нормаларының талқылауға түсетіндердің, барлық кездері үшін; казуальді жекешеленген — нақтылы іс бойынша түсіндіру. Құқық нормаларын арнайы талқылау актілері интерпретациялық актілер — бұл өкілеттілігі бар мемлекеттік ор- гандардың және лауазымды адамдардың шығаратын құқық- тық актілері, онда құқық нормаларын түсіндірушілік бар. Құқық нормаларын арнайы талқылау, нақтылау, белгілі құқықтық ұйғарымның мәнін түсіндіруге бағытталған. Олардың барлық басқа құқықтық актілерден өзгешелігі сонда, олардың өзіндік маңыздылығы жоқ; құқықтық жаңа нормасын белгілемейді, әрекеттегілерді өзгертпейді, заңды күші бар және тәжірибеде, ол тек талқыланатын нормалардың әрекет ететін кезінде ғана маңызды; сондағы тапсырма, әрекеттегі заң нормаларын қалай түсінумен қолдану туралы; мемлекеттік міндеттілігі бар; субъектілерге емес, әрекеттері талқыланатын құқық нормаларымен реттелетін құқықты қолдаушыларға бағытталған. Құқық нормаларын арнайы емес талқылау — бұл субъектілердің құқық нормаларының мәні мен мазмұнын түсіндіру әрекеттері, міндетті заңды маңыздылығы жоқ және заңды биліктен аластатылған. Соған сай талқылау-түсіндірудің бұл түрінің императивті сипаты жоқ және заңды күші жоқ. Ол тек құқықты қолдау әрекетіне көмектесуге қажет. Арнайы емес талқылаудың түрлеріне мыналар жатады: доктриналдық ғылыми талқылау — бұл ғалым-теоретик- термен және тәжірибелі заңгерлермен берілетін түсіндіру; эмпирикалық (күнделікті тұрмыстық) талқылау жекеленген құқық нормаларының мәнін және мазмұнын түсіндіру не құқықтық қолдану актілерін, арнайы заңгерлік білімі жоқ адамдармен түсіндіруде көрінеді. Маманданған өкілдігі бар тәжірибелі заңгерлердің, мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдарының және басқа сондай адамдардың пікірлері. [8;63б]
Құқық нормаларын талқылаудың бірнеше түрлері бар.
Субъектілері бойынша құқық нормаларын талқылау ресми және ресми емес болып екі түрге болінеді.
1.Ресми талқылау арнайы құзыры бар мемлекеттік органдар мен субъектілермен іс жүзіне асырылады. Біріншіден, бұл талқылау арнайы кұқықтык кесім аркылы бекітіледі. Екіншіден, ресми талкылаудың нәтижесі түсінік берілген құқық норманы колдануда барлық субъектілерге міндетті болып саналады. Үшіншіден, құқық қолданатын субъектілерге талқыланған құқық нормасын бір мағынада үғынуға мүмкіндік береді және құқық қолдануда кателіктерге баруға тосқауыл қояды. Ресми талқылау нормативтік, казуальдық болып бөлінеді.
2. Нормативтік талқылауда құқықтық норманы талқылаған түсініктің өзі бәріне міндетті нормаға айналады, көп рет қолдануға мүмкіндіктер туады. Мысалы, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер туралы заңында заңға сәйкес қабылданған кесімдер ресми түрде өзі қабылдаған органмен талқыланады деп атап көрсетілген. Сонымен қатар нормативтік талқылаудын субъектісі болып әділсот органдары, атап айтқанда Қазақстан Республикасыиың Жоғарғы Соты бола алады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пленумының қаулылары соттардың тәжірибелерінде қолданылатын заңдар мен заңға сәйкес кабылданған нормативтік-құқықтық кесімдерге түсініктеме береді және оларды тек сот органдары ғана пайдаланады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 81-бабында: Қазакстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі Жоғарғы Сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысанасында олардың кызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады, — деп атап көрсетілген.
Саяси нормалар өздерінің көлемі мен мазмұнына байланысты, саяси қатынастарды реттейді және әртүрлі нысандарда көрініс табады: саяси декларацияларда, мемлекеттің манифестерінде, саяси партиялардың, қозғалыстардың, мемлекеттердің конституцияларында, саяси париялардың уставтары мен бағдарламалық құжаттарында. Мемлекеттің заңды актілеріндегі көрсетілген саяси нормалар, құқық нормаларының маңыздылығын қабылдайды.
Саяси нормалар азаматтардың мемлекетпен және оның органдарымен қарым-қатынасын реттейді. Сайлау тәртібі, азаматтардың және олардың өкілдерінің мемлекеттік билік органдарына және басқа қызмет адамдарының сайлануы саяси нормалармен реттеледі, олар заңды актілерде көрсетілген. Саяси нормаларға сонымен бірге, белгілейтін, реттейтін нормалар жатады және заң шығаратын, орындайтын және сот биліктеріне бақылау жасайтын қатынастар жатады. Әрбір заң мемлекеттік билікпен қабылданса, ол тікелей
саяси қатынастарды көрсетпесе де, экономикалық, әлеуметтік, саяси негіздеуден өтеді және қоғамның өзіне сай құқықтық және өнегелік сезім бағасына ие болады. [11;53б]
Әлеуметтік нормалардың көпшілік бөлігін корпоративті нормаларды қоғамдық ұйымдарда, еңбек ұжымдарында, оқу орындарында, кәсіпкерлік одақтарда қабылданған белгілеулер құрайды. Бұл нормалар бірлестіктердің, мекемелердің уставтарында, ережелерінде, басқа актілерінде көрінісін табады. Мысалы, қандай болмасын университеттердің өз ережелері болады. Корпоративті нормалардың көпшілік бөлігі — ұйымдастыру сипатындағы тәртіптер. Олар қоғамдық ұйымдардың қалыптасу, құрылу, қызмет ету тәртібін бекітеді, сонымен бірге, сол ұйымдардың мүшелерінің қарым-қатынасын, құқығын, жауапкершілігін белгілейді.
Әлеуметтік әрекет, қоғамдағы адамдардың тәртібі әдетпен де реттеледі. Әдет — қоғамдық тәжірибеде көптеген қайталануының нәтижесінде бекіген, белгілі қатынастар үлгісі, адамның, адамдар әрекетін бағалау тәсілі. Әдет дегеніміз қоғам мүшелеріне, адамдар тобына үйреншікті әлеуметтік реттеу нысаны. Өнегелі сипаттағы әдеттері барлар, мінез деп аталады. Мінезде белгілі әлеуметтік топтардың психологиясын көруге болады. Қоғам мәдени, ұйымдастырушылық шараларды пайдалану арқылы мәдениеттілік қоғамға сай келмейтін мінездермен күрес жүргізуде.
Адамдардың өміріне ықпал жасау үшін, қоғам әдеттік дәстүрге өте жақын — ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, әлеуметтік топтардың, адамдардың қалыптасқан тәртіп жолы. Әдет пен дәстүрдің бекітушілік белгілері бар. Дәстүр, әдетке қарағанда кең құрылым. Дәстүр сапасында белгілі идеялар, бағалылықтар, әлеуметтік тұрақтылықтар көрінеді. Дәстүрлердің қоғам үшін тиімділігі, пайдалылығы негізделеді.
Әлеуметтік нормалардың көп және маңызды бөлігін діни нормалар көрсетеді — адамның рухани қажеттілігіне сай қалыптасқан тәртіп жолы, діни сенімдердің және діни сезімдердің ықпалымен орындалады.
Олар Құдайға, шіркеуге, бір- біріне, ұйымдарға сенушілердің қатынасын және діни ұйымдардың қызметін реттейді.
Моральдық — этикалық белгілеу жинағы — діни сенім ілімінің бір бөлігі. Қоғамда адам баласының ерте кездегі даму кезеңдерінен бері әрекет жасаған діни канондар (ұйғарым, тәртіп жолы), олар реттеуші рөлін атқарған. Дүниежүзілік діндерге: иудаизм, буддизм, ислам жатады, олар қоғамның өнегелік өміріне ғана өз ықпалын жасаған жоқ, оған қосымша құқықтың жүйесінің дамуына да әсерін тигізді.
Библияда, Құранда, Талмудта, басқа қайнар көздерде, діни канондар мен қатар жалпы адамдық нормалар өз көріністерін тапты. Мысалы, Моисеевтер заңдарында алты күн жұмыс істеу міндеттілігі мен жетінші күні демалыс алу бекітілген, ата — анасын сыйлау талабы көзделген, кісі өлтіру, ұрлау, өтірік куә болуға тыйым салынған. Әлеуметтік нормалар өз көрінісін христиан шіркеуі мен канондық құқықта тапты. Бұл нормалар шіркеудің ішкі ұйымын, шіркеудің органдарының арасындағы қарым — қатынастарды реттейді. 1917 жылы Рим — католиктік шіркеуі канон құқығының Кодексін жариялады. Өмір үлгісі, материалдық игілік жағдайының жетілген деңгейі және қоғам мен адамның мәдениеті өзінің көрінісін мәдени тәртіпте, әдептілік нормаларында, этикетте көрінеді. Этикет дегеніміз адам баласының қарым — қатынасының сыртқы көрінісін реттейтін тәртіптердің жиынтығы: аралау нысаны, қоғамдық орындардағы тәртіп, манералары мен киімдері. Қоғамдық пікір екіжүзділік тәртіпті, формальды, әрекеттер мен ішкі теріс ниеттерді кінәлайды.
Мораль нормаларына — жалпыға бірдей қабылданған жақсылық пен жамандыққа сай ішкі сенімнің күшімен орындалатын қоғамда қалыптасқан тәртіп жолы жатады.
Жоғарыдағы көрсетілгеннен басқа, әлеуметтік нормалар жүйесіне құқық нормалары кіреді, яғни мемлекетпен белгіленген не санкцияланған және оның күшімен қамтамасыз етілетін тәртіп жолдары.
Барлық адамдарға, әлеуметтік топтарға, барлық халықаралық қауымдастыққа қатысты мүдделер мен бағалылықты көрсететін әлеуметтік нормаларды жалпыадамдық нормалар деп атауға болады.
Құқық қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеудің бөлігі ретінде әлеуметтік нормалар жүйесінде ерекше орынды алады, Біріншіден, бұл нормалар әруақытта формальды белгілілікте, яғни нормативті — құқықтық құжаттардағы жазбаша мәтінінде көрсетілгендей. Екіншіден — белгіленетін, санкция берілетін және мемлекетпен оның күшімен қамтамасыз етілетін бір ғана әлеуметтік нормалар, үшіншіден, құқық нормаларын бұзғандығы үшін жеке адамның еркіндігін тежемейді және қоғамнан бөлмейді.
Заң ғылымдарының өкілдері үшін маңыздысы, құқық нормаларының діннен, саясаттан, экономикадан, дәстүрден бөлетін негізгі белгілерін, сипатын білу.
Құқық пен мораль арасындағы байланыс моральдың нормативтік реттеу жүйесіндегі рөлімен қамтамасыз етілген. Басқа әлеуметтік нормалармен салыстырғанда моральдың әрекет аясы кең келеді. Әлеуметтік шындықтың тек аз ғана бөлігі моральдік бағалаудан еркін, сондықтан құқық пен моральдің аясы көп жағдайда тоғысады. Дегенмен, бір ортада әрекет жасаса да, мораль мен құқық бір — бірінен тәуелсіз нормативті — реттеуші ретінде қалады.
Мораль нормативті реттеудің ерекше кейпі, нормалар мен принциптердің жиынтығы, өз ықпалын барлығына және әрқайсысына жаяды, егер олар өздеріне өнегелік бағалылықты сіңірсе. Дұрыс айтқандай, моральдың жалпыадамдық мазмұны жалпылама түрде алтын жолда көрсетілген: (Поступай по отношению к другим так, как ты хотел бы, чтобы они поступали по отношению к тебе) Басқа адамдар, саған қалай жасасын десең солай жаса, себебі олар да саған солай жасауы үшін. Мораль өзінің нормаларына абсолютті бағаларды сіңіреді, соған сай мораль нормалары құрылады және бағалау құқықтық тәртіптің жоғарғы белгісі болып табылады.
Мемлекет пен құқық теориясында құқық пен моральдің арақатынасы, олардың бірлігі тұрғысынан, өзгешелігі мен қарым — қатынасынан байқалады.
Құқық пен моральдің бірлігі былай сипатталады:
— құқық пен моральдің нормативтігімен қорыта келгенде, адам тәртібін бағалаудағы белгі мен эталон болатын, белгілі нормалардың жиынтығы;
— құқық пен моральдің универсальдығы, ол қоғамдық қатынастарға таралуымен көрінеді, яғни әлеуметтік нормалар жүйесіндегі нағыз универсальді реттеуші ретінде;
— құқық пен моральдің жалпылығы, ол экономикалық базисті және идеологияны, сонымен бірге саясатты және адам баласы өмірінің басқа аясын бағалағандығынан көрінеді;
Құқық нормалары мен моральдік нормалардың айырмашылығы:
Пайда болуына байланысты — құқық нормалары мемлекетпен белгіленеді және санкция беріледі, мораль нормалары қоғаммен қалыптастырылады, есепке алынатындары жақсылық пен жамандық, адалдық және ар, абырой т.б.
Сонымен қатар, … жалғасы