Әйел адам жерлеу рәсімінде тіріліп кетті

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жерлеу рәсіміне жиналған адамдар бұл жағдайды таңғажайып оқиғаға теңеп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Үндістанның Карнатака штатындағы жерлеу рәсімінде әйел адам тіріліп кетті, деп жазады The Hindu басылымы.

Елу бес жастағы Малати Чаугули (Malati Chougule) Белгаум қаласындағы жеке ауруханаға ыстығы қатты көтеріліп түскен екен. Кейін ол есінен танып қалыпты.

Дәрігерлер оның жанын сақтап қалу үшін бірнеше сағат бойы күрескен. Алайда одан еш нәтиже шықпады.

Тағы оқыңыз: Ешкі бағып жүріп, есінен танған: жерлеу рәсімінде күтпеген оқиға болды

Осылайша, олар есін жимаған әйелді амалсыздан өлді деп санапты. Марқұмның туыстары медициналық қызметтің ақысын төлеп, оның денесін жерлеу үшін ауылға апарған.

Онымен қоштасуға достары мен отбасы мүшелері жиналған екен. Жақындары оның денесін үйдің алдына қойып, жерлеу рәсіміне дайындыққа кіріскен сәтте ол көзін ашып, орнынан тұрыпты.

Қоштасу рәсіміне келгендердің бірі әйелдің өлмегенін, оның комада болғанын түсінсе, қалғандары мұны таңғажайып оқиғаға теңеп отыр.



sputniknews.kz