Айдос Сарым: Қазақстандағы “ашаршылықты — геноцид” деп тану үшін жұмыс істейміз

0
485
Сурет: Дина Елгезек парақшасынан алынды

Журналист Дина Елгезек желідегі парақшасында Айдос Сарымның бірнеше жыл бұрынғы сұхбатынан үзінді жария етті.

«Айдос Сарым не дер екен қазір? Қайбір жылдары АҚШ-қа барып, “ашаршылықты — геноцид” деп тану жөнінде талаптанған болатын.

Тілші: Қазақстандағы аштықты қазақ халқына қатысты геноцид деп атауға бола ма?

Айдос Сарым: Меніңше, ия. Осылай болуы үшін жұмыс істейтін боламыз.

Тілші: Яғни біз… Қазақстан осымен жұмыс жасай ма?

Айдос Сарым: Жоқ, Қазақстан, үкімет және басқаларының қалай екенін білмеймін, бірақ, біз, біздің достарымыз осы үшін жұмыс істейміз.

Тілші: Яғни өзіндік қоғамдық бастама ма?

Айдос Сарым: Иә-иә-иә. Менің ойымша, жақын 2-3 жылда Қазақстанның ішінде және сыртында осындай құжат аламыз.

Тілші: Кейбір саясаткер бұл мәселеге келгенде осылай айта отырып Украина «секілді» болмауымыз керектігін алға тартады. Мұндай пікірді қалай түсіндіруге болады?

Айдос Сарым:  Бұл олардың мәселесі. 30-жылдардағы аштық. Бейбіт заманда миллиондаған адамның өлімі.

Тілші: Ресеймен қарым-қатынасымыз бұзылуы мүмкін дегенді алға тартады.

Айдос Сарым: Егер олар осылай ойласа, бұған дәлел ұсынсын.

2018 жыл 13 маусым

“Караван” газетіне берген сұхбаты», — деп келтірді журналист.