Айбек Нұғымаров екі дүркін «Әлем барысы» атанды

0
Айбек Нұғымаров екі дүркін «Әлем барысы» атанды


Чемпионат Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті.  

Оған әлемнің түрлі елдерінен 33 балуан қатысты, Қазақстан намысын 5 спортшы қорғады.  Қазақстандық күрес шебері Әйбек Нұғымаров өзінің отандасы Ерсұлтан Мұзафаровты жеңіп, қазақша күрестен әлем чемпионы атанды. Айта кетсек, жартылай финалда Ерсұлтан Мұзафаров Ресей балуаны Роман Бобиковтан басым түссе, Айбек Нұғымаров гүржі балуаны Гурам Тушишвилиді жеңген еді.

Үшінші орынға ресейлік Роман Бобиков ие болды. Оның қарсыласы гүржі балуаны Гурам Тушишвили боз кілемге шықпай қойды. Айта кетсек, былтыр елордада өткен «Әлем барысында» Гурам Тушишвилимен Айбек Нұғымаров финалда кездесіп, қазақ балуаны «Әлем барысы» атанған болатын.

31 жастағы Айбек Нұғмаров Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Спорттағы жетістіктері: «Қазақстан барысы» (2013), «Әлем барысы» (2017), қазақ күресінен 4 дүркін Әлем чемпионы (2010, 2013, 2014, 2016), қазақ күресінен 4 дүркін Азия чемпионы (2008, 2009, 2014, 2018), «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.