Аяжан Еділованы аяусыз өлтірді деген күдіктіге қатысты тың деректер пайда болды
Алматыда жантүршігерлік жағдайда табылған 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктінің жеке басына қатысты бірқатар тың деректер анықталды. Бұл туралы «Астана» арнасы айтты.
Тілшілеріміз анықтағанындай, сезікті қазіргі Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясында небәрі екі жыл ғана оқыпты. Бұрынғы студенттерінің аты бұлайша шығуы қырық жылдық тарихы бар оқу орнының ұжымына да оңай соқпаған. Факультет деканы Қанат Дәуренбековтің айтуынша, Рахманберді Төребеков аталған оқу орнына 2012 жылы грантқа оқуға түскен. Фармацевтика мамандығы бойынша оқып жүрген студент, тек екінші курстан соң академиялық қарыздарына байланысты оқудан шығарылған болып шықты.
«Оқудан шығарылған себебі — сабақтарға дұрыс қатыспаған. Нәтижесінде емтихандық сессияға жіберілмеген. Ол сабаққа жауапкершілікпен қарамаған. Ал енді -мінезіне келетін болсақ, біздің әріптестерге айтуына қарағанда өте салмақты жігіт. Өзінің әріптестерімен, құрбы-құрдастарымен жанжалдасып немесе оқытушылармен сөзге келіп көрмеген», — дейді Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы фамация факультетінің деканы Қанат Дәуренбеков.
Айта кетейік, 28 жастағы күдікті Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылының тумасы. Ол сондағы жалпы орта мектепті 2010 жылы «Алтын белгімен» бітерген. Айтпақшы, күдікті Рахманберді Төребековтың ата-анасы мұғалім болған. Жаушықұм ауылы әкімінің мәліметіне сүйенсек ерлі-зайыптылар қазір зейнетте. Екі жылдан астам уақыт бұрын Түркістанға қоныс аударыпты. Олардың ортақ үш перзент бар деді.
Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазған болатынбыз.
Кейін жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды. Алматы полициясы күдіктіні — Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады.
Полиция пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.
Сосын Алматыда өлтірілген Аяжанның туыстары сұхбат берді. Сұхбат кезінде қыздың туыс ағасы оның басын қайнатып, тісін, тырнағын бөлек жұлып алғанын айтты.