Home Жаңалықтар Әнші Нұрзат Ажығожоева қайтыс болды

Әнші Нұрзат Ажығожоева қайтыс болды

0
24954

Қырғызстанда 40 жастағы әнші Нұрзат Ажыгожоева әскери көлікпен болған жол апатынан қайтыс болып, тағы бірнеше өнер адамы жарақат алды. Әншінің өлімі туралы ақпаратты Sputnik-Қырғызстанға оның туыстары растады.

Қайғылы оқиға 29 наурызда Бішкек-Ош тас жолының 159-шы шақырымында болды. КамАЗ жүргізушісі рульге ие бола алмай, соның салдарынан автокөлік аударылып қалды.

Аударылған көліктің ішінде әншілер Нұр Чолпон, Бурулча Турарбек кызы, Нұрзат Ажогоева, танымал бағдарламаның жүргізушісі Талант Карагулов және ұлттық аспап қылқияқ әуендерін орындаушы Залина Қасымова болды. Өнерпаздар концертке бара жатқан.

Апат салдарынан Ажыгожоева ауыр жарақат алып, сол жерде қайтыс болды. 

Нұрзат Ажыгожоева 1981 жылы дүниеге келген. Ол Қырғыз ұлттық консерваториясын бітірген. Ол Сокулуктағы Мәдениет үйін басқарды, «Ақсаамай» фольклорлық ансамблінің солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты болды, сонымен қатар Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің оркестрлерінің бірінде жұмыс істеді. Оның репертуары негізінен халық әндерінен тұрды. Әншінің үш баласы бар.