Air Astana ұшағы Шымкент әуежайына қонуға мәжбүр болған
22 маусымда Ташкент — Алматы бағыты бойынша КС 128 рейс атқарған Air Astana ұшағы герметизация жүйесіндегі ақауға байланысты 16:15 шамасында Шымкентке қонуға мәжбүр болған.
Авиакомпанияның хабарламасында ұшақтың «әуеде қалыпты биіктікте» ұшқаны жазылған.
«Қауіпсіздік процедураларына сәйкес экипаж жақын әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Ұшақ қалыпты жағдайда қонды. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақ ақауын іздеу және жою жұмыстары жүріп жатыр. Жолаушылар Шымкент — Алматы бағыты бойынша тұрақты рейспен түнгі 22:40-та ұшады» делінген хабарламада.